
Биыл Шымкентте экспорт көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 133 пайызға артып отыр. Экспорттық тауарлардың ішінде ұн және одан жасалған өнімдердің үлес салмағы басым. Қалада орналасқан бір ғана макарон фабрикасының өзі тәулігіне 100 тоннадан астам өнім шығарды. Отандық тауар Ресей, Грузия, Қырғызстан мен Өзбекстанға жіберіледі.
Биыл құны 11 миллиард теңге болатын 14 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Оның ішінде 3 жоба қайта өңдеу саласына бағытталған, 4 өндірістік жылыжай кешені салынады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын екі қойманың, құс шаруашылығымен айналысатын 3 жоба, 2 тауарлы сүт фермасын салу ұсынылып отыр. Сонымен қатар, Қаратау ауданы, Қайнар бұлақ тұрғын алабы маңында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарланған. Мұнда сүт өндіру зауытын салынады, биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі іске қосылатын болады. Сонымен бірге шет ел инвесторларымен бірлесіп сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыру ойластырылуда.
Шымкент қаласында биылғы бес айда 93 миллион АҚШ долларының ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Өзге мемлекеттерге жіберілген бұл тауарлардың 67 пайызы өңдеуден өткен.
Биыл қалада «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағының құрылысы басталды. Мұнда шет ел инвесторларымен бірлесіп сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыру ойластырылуда. Сондай-ақ биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі іске қосылатын болады. Жоспар бойынша алғашқы кезеңде индустриялды аймақта құны 9 миллиард теңгеге жуық жобалар жүзеге асады. экспорты 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда екі есе артпақ. Қазіргі таңда ниет білдірген 6 жоба бар. Қазір инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Биыл екі жобаның құрылысы басталады. Олар ет өңдеу, яғни шұжық шығаратын үлкен кәсіпорын, екіншісі көкөністі өңдеумен айналысу жоспарда.
Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 93,2 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,3 млн. АҚШ долларына артты. Өткен жылғы қаңтар-мамыр — 69,9 млн. АҚШ доллар құрады. Бұл салада 6,6 мың адам жұмыс жасап, 1 жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 4 млн. 169 мың. тг. құрап, өсімі 107,5% жетті. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестицияның көлемі 1,1 млрд. теңгені құрады.



