
Бүгін 02.09.2022ж. Шымкент қаласының Абай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары және Абай ауданы әкімдігінің мамандарымен бірлесіп, аудан аумағында қолайсыз санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды болдырмау және тұрғындар арасында қауіпті инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу мақсатында, аудан аумағында орналасқан «Телман» елді мекенінде халықтың тұтынған тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму жұмыстарымен айналысатын («Шымкент Спец Комплекс» ЖШС) ұйымдары және басқа да мамандандырылған ұйымдар арасында санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары және «Спецавтотранспорт» ЖШС, «Шымкент-Дезинфекция» ЖШС-сы аудан аумағында қолайсыз санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды болдырмау, тұрғындар арасында инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында қоқыс алаңшасының абаттандыру, қоқыс контейнерлерінің жарамсызын ауыстыру және уақытылы тазарту, дезинсекция, дератизациялау жұмыстарын жүргізді.
Қалдықтар — бұл адам денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін қазіргі заманғы басты мәселелердің бірі.Қоқыс микроорганизмдердің көбеюі үшін жақсы орта. Пластикалық пакеттерде, шыны банкаларда миллиондаған вирустар мен бактериялар пайда болады. Олар адам денесіне тікелей немесе жануар арқылы ене алады.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мен Әл-Фараби ауданы әкімдігінің мамандары ықпалымен ЖШС “ШымкентСпецКомплекс” мекемесімен 21 шағын ауданы, Жангелдин көшесі 3 үй,Жангелдин көшесі 15 үй жанындағы қоқыс алаңшалары кестеге сай қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.Тұрғындар арасында аудан аумағында қолайсыз санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды болдырмау мақсатында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау,жүйелі түрде шығарылуы мен жою жұмыстарының уақытылы жүргізілуі туралы санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілді.



