Шымкент: Азаматтардың МӘМС жүйесіндегі қарыздары кешіріліп, алдағы 12 айға жарна төлеу арқылы 15 ай сақтандырылған мәртебесінде болады

Азаматтардың МӘМС жүйесіндегі қарыздары кешіріліп, алдағы 12 айға жарна төлеу арқылы 15 ай сақтандырылған мәртебесінде болатыны туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Құралбек Сәбит Райымбекұлы арнайы баспасөз брифингінде айтты.
Шымкент қаласы бойынша 9 айында халық саны 1 128 423, онын ішінде сақтандырылғандар 902 588 (80%), сақтандырылмаған азаматтар 225 835 (20%). Шымкент қалалық әкімшiлігіне Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің № 01-15/9442-И санды 30.09.2022 жылғы «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін кемінде 22 мың адамның баламалы әдісін пайдалану арқылы сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесінде қамтамасыз ету» жайлы хаты жолданған. Аталған сұрақтарды қарау нәтижесімен Штаб төрағасымен бір қатар тапсырмалар берілдігін, — деп айтып өтті филиал директоры Сәбит Құралбек.
Шымкент қаласының білім саласында 800-ге жуық объектілері арқылы 420 мыңға жуық азамттармен байланыс орнатуға мүмкіншіліктер бар, яғни Шымкент қаласы тұрғындарының үштен бірін қамтуға болады.
- Мектеп директорлары, мұғалімдерімен «Өткен жылдардың қарызын төлемей, алдағы 12 айды төлеп, 15 айға сақтандырылған бол» тақырыбында ата аналар жиналысында түсіндірме жұмыстарын жүргізу (әрі қарай ата-аналарға мәлімет жеткізу мақсатында).
- Шымкент қаласының аудандық әкімнің орынбасарларының қатысуында кәсіптік, жоғары оқу орындарында «МӘМС жүйесінде өзінің мәртебеңді анықта» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
- Шымкент қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығы, сауда орталықтарында, қоғамдық көліктерде, базарларда және азаматтар көп жүретін жерлерде «Өткен жылдардың қарызын төлемей, алдағы 12 айды төлеп, 15 айға сақтандырылған бол» тақырыбында экрандардың жүгіру жолдарында айналдыруға.



