Новости

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЯДЫ

Шымкенттегі «Asia Trafo» трансформатор зауыты – қаладағы ғана емес, ТМД елдеріндегі қарқынды кәсіпорынның бірі. Кернеуі 110кВ-дан 500кВ-ға дейінгі трансформатор шығаратын зауыт Орталық Азиядағы бірегей өндіріс орны саналады. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығынан үміткер Бақытжан Позилов, қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Альбина Елшиева, Алмасходжа Қайыпов және «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова бүгін осы компания қызметкерлерімен кездесті.

– Біздің еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды саяси және экономикалық өзгерістер әділ Қазақстанды құру үшін берік негіз қалады. «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының бағытын қолдайды және барлық күш-жігерін алға қойылған міндеттерді іске асыруға бағыттайды. Біздің сайлауалды бағдарламамыздың басты мақсаты – қаланың барлық тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыру. Азаматтардың сенімі – біз үшін үлкен жауапкершілік. Осыған сүйене отырып, сайлауалды бағдарламаның негізгі критерийлері қала халқының өзекті мәселелерін шешу, тұрғындармен тиімді кері байланыс, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою болып табылады, – деді Бақытжан Позилов.

Бүгінгі таңда қалада жалпы жер көлемі 886 га құрайтын 5 өндіріс аумағы бар. Онда 200 млрд теңгеге 180 инвестициялық жоба іске асырылып, 8 мыңнан аса жұмыс орны ашылды. Өндіріс орындарының толымдығы 90 пайызға жетті.

Енді өндіріс аумақтарына қажеттіліктің артуына байланысты 2027 жылдың соңына дейін Шымкентте 2 жаңа индустриялдық аймақ ашылмақ, оған қоса екі аймақты кеңейту жұмыстары ждоспарланған. Жиын соңында үміткерлер «Азия Трафо» ЖШС қызметкерлерін халықтың аманатын арқалаған «AMANAT» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button