Новости

AMANAT»: Алматы облысында 31 учаскелік полиция пункті салынады

Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Малыбай ауылына барды.

Жанарбек Әшімжанов сапарының басты мақсаты – саяси науқанның маңыздылығын тереңінен түсіндіру. Оның ел болашағы үшін аса қажеттілігін атап өтті. Мұнымен қоса, сайлауалды бағдарламаны жіті түсіндірді.

Еңбекшіқазақ ауданы – Алматы облысы ғана емес, республикадағы үлкен аудандардың бірі. 350 мыңға жуық халқы бар. Ауданнан шалғай орналасқан Малыбай елдімекеніне барған кандидат, халықтың қал-жағдайын сұрасып, олардың көкейіндегі мәселелерді тыңдады. Партияның 2027 жылдарға дейінгі жоба-жоспарын айтты.

«AMANAT» жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарды қолдау, туризмді, ауыл шаруашылығын, білім беру және медицина жүйелерін дамыту, инфрақұрылымға инвестициялау және қолайлы экологиялық орта құру арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруды көздейтінін атап өтті.

«Партия – нақты істер құрылымы. Басты мақсатымыз – халыққа қолайлы өмір сүру жағдайын жасау. Тұрғындарды баспанамен қамту, сапалы медициналық көмекті алуға, жұмыссыздар санын азайтуға бар кш-жігерімізді саламыз. Жыл сайын облыста 1,2 мыңға жуық отбасы үйлі болады. Алдағы 5 жылда 3,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Алматы облысының барлық аудандарында инженерлік инфрақұрылыммен 1,2 мың км су, газ, жлектр, кәріз желілерімен жабдықтау жөнінде шаралар қабылдаймыз», − деді жиында Жанарбек Әшімжанов.

Кандидаттың пайымынша, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де баса көңіл бөлінеді. Бұл тұрғыда қоғамдық орындарда бейнекамералар көбейтіледі. Өрт сөндіру бекеттерін ұлғайтуға және төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл бойынша қажетті іс-шаралар жоспары құрылған. Өңірде 31 учаскелік полиция пункті салынып, 1044 камера орнатылатынын тілге тиек етті.

Үміткер бұл жобалардың барлығы халық игілігі үшін жүзеге асатынын жеткізді. Өз кезегінде партия бастамаларына қатысушылар дән риза болды. Алдағы сайлау кезеңінде ел келешегі үшін дауыс беретіндерін атап өтті.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Басқа жаңалықтар

Back to top button