Новости

Есірткімен күрес — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі

Әл-Фараби жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде «Жастар – ел дамуының болашағы» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан Қанатұлы, Психология ғылымдарының докторы гештальт психолог Асанова Салтанат Сайлауқызы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің мұғалімі Жургенбаева Назира, мектеп инспекторлары полиция капитаны Ауелов Марлен Тұрғанбекұлы және полиция майоры Ирисбеков Рахымжан қатысты.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан Қанатұлы, Қазақстанда есірткімен күрес — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін айтып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша есірткіні интернет арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілгені жөнінде баяндама оқыды. Есірткіні жарнамалау мен насихаттағаны үшін оның ішінде графити-суреттер мен QR кодтар арқылы жауапкершілік көзделетін қылмыстың жаңа құрамы енгізілді. Сонымен қоса, «www.polisia.kz» сайты арқылы еліміздің әр өңірінде күнделікті есірткі сатумен, оны тасымалдаумен, тұтынумен айналысқан тұлғалардың ұсталып жатқанын, онымен күрес жұмыстары туралы ақпаратпен танысуға болады. Интернет технологиялардың дамуына және сұраныстың синтетикалық есірткілерге көптеп болуына байланысты есірткі саудасы да түрлене түсті. Әсіресе, белгілі бір адаммен кездесіп қолма-қол ақша арқылы алу әдісі жоғалды десек болады. Осыған орай, Ішкі істер органдары интернет желісіндегі құқыққа қайшы контентті бұғаттау мақсатында тұрақты негізде интернет-кеңістіктің мониторингін жүргізуді қолға алды деп атап өтті.

Ресми деректерге сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда есірткіге тәуелді 110 мың адам есепте тұр. Содан да болар, есірткімен күреске елімізде ерекше назар аударылып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button