Шымкенттік тәртіп сақшылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаға көмек көрсетті

Бүгінде әлемнің көптеген елін толғандырып отырған отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес, оның алдын алу мәселелері талқыланды. Қоғам болып күрес жүріп жатқанына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылық әлем елдерін алаңдатып отыр әрі бұл мәселе аяқ асты пайда бола қойған жоқ.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары отбасындағы ұрыс-керістің алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша ұдайы түрде іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыс атқарады.
Мәселен, Абай ауданының Полиция басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция подполковнигі Айнұр Қарабаева отбасындағы жанжалдан зардап шеккен азаматшаны қабылдады. Әйелге құқықтық көмек көрсетілді, сондай-ақ, заңның талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған заңға сәйкес, жәбірленушінің арызы бойынша құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Нұсқамаға сай, азамат ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қойылып, онымен отыз күн бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Яғни, оның тұрғылықты жеріне учаскелік полиция инспекторы ұдайы барып, тексеріп тұрады, профилактикалық сұхбаттар жүргізеді. Құқық бұзушы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.
Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.



