Новости

Қала тұрғыны «Полиция аға лейтенантына өз алғысымды білдіремін»

Шымкент қаласы Полиция департаменті басшылығының атына қала тұрғыны алғыс хат жазып жолдаған. Онда полиция қызметкерінің жедел әрі сапалы қызметіне риза болып, тәртіп сақшысының жұмысына сәттілік тілепті.

«Мен, Оспан Айдана, ұялы телефонымды ұрлатып алған едім. Осы жайт бойынша Қаратау АПБ Анықтау бөлімінің анықтаушысы Саят Нармаханбетке арыз қалдырған болатынмын. Анықтаушы қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, сотқа жолдап, әділ шешім шығарды. Сол себепті, полиция аға лейтенантына өз алғысымды білдіремін. Жұмысына табыс тілеймін!» — деп шынайы ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтарға қарсы тұрып, азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, әрдайым тұрғындарға заң шеңберінде қызмет көрсетіп, қоғамның тыныштығын сақтап келеді.

Бұдан бөлек, Нұрбол Манабаев атты қала тұрғыны полиция қызметкерінің жедел әрі сапалы қызметіне риза болып, алғыс айтып, бейнежазба жолдаған.

«Мен, Нұрбол Манабаев, үйімнің алдында тұрған сатымды ұрлап кеткені туралы арызданған болатынмын. Осы жайт бойынша Тұран АПБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Дастан Таженов жедел түрде әрекет етіп, қылмыстық істі ашып, ұрланған затымды қайтартып берді. Сол себепті, тәртіп сақшысына өз алғысымды білдіремін. Жұмысына табыс тілеймін!» — деп шынайы ризашылығын жеткізді.

Сонымен бірге, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлеріне жергілікті тұрғын төлқұжатын жасату мәселесі бойынша жүгінген. Тиісінше, тәртіп сақшылары азаматшаның өтінішін жедел қабылдады. Заң талаптарын толығымен түсіндіріп, құжаттарын заң шеңберінде реттеуге көмектесті. Атқарылған тиісті шаралардың нәтижесінде, жаңа үлгідегі төлқұжат рәсімделіп, иесіне табысталды. Өз кезегінде, қала тұрғыны Махсуда Көшекбаева: «Әл-Фараби АПБ-ның көші-қон қызметі бөліміне төлқұжатымды рәсімдеуге өтініш қалдырған едім. Қызметкерлер сапалы қызмет көрсетіп, жедел түрде төлқұжатымды дайындап берді. Сіздерге алғысымды білдіремін»,-деп ризашылығын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button