Новости

Тұрғындардың абайсыз отты пайдалану салдарынан жазық далада өрт шықты

Орман шаруашылығына жақын орналасқан жайылымда мал бағып жүрген тұрғындардың абайсыз отты пайдалану салдарынан жазық далада өрт шығып, оңтүстік-шығысқа соққан желдің бағытымен тарқап «Жасыл белдеу» КММ-нің қарамағындағы орманға өтуге қауіп төне отырып, үлкен көлемде бірнеше бағытта өрт тарқалады. Желдің жылдамдығының жоғары және шөптің қалың, құрғақ болғандығынан өрт өте жылдам үш бағытта тарқай бастады. Өрттің тарқалу бағытында орналасқан орман шаруашылығына, Сауле тұрғын алабына, Ақтас тұрғын алабының жайылымдағы малдарына қауіп төнді.

Оқу-жаттығудың тактикалық ойы бойынша шартты өртті сөндіруге өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру кезекші қызметі, 3 өрт сөндіру автоцистернасы, 15 жеке құрамы, қалалық «ЛД-Тұрмыс» ЖШС, «Бәйтерек» ЖШС су таситын көліктері, жедел жәрдем бригадасы және өрт сөндіруге бара жатқан техникалардың жылдам, қауіпсіз жетуін реттеу үшін ПД жол патрульдік полиция топтары жұмылдырылды.

Алдағы жазғы өрт қауіпті кезеңінің басталуына байланысты табиғи өрттердің туындау қатерін болдырмау мақсатында кешенді алдын алу шаралары жүргізілуде. Қазіргі таңда қала әкімдігімен «2023 жылдың өрт қауіпті маусымында Шымкент қаласы аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету іс-шаралар туралы» жоспары әзірленіп бекітілді. Ағымдағы жылдың сәуір айының басында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіліп, онда «Орман және дала өрттерінің алдын алу» тақырыбында сұрақтар қаралып тиісті мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді, сондай-ақ созылмалы табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Қала аумағында жалпы аумағы 12 980 га құрайтын егістік алқабы  бар 60 шаруа қожалығы орналасқан. Шымкент қаласында жалпы көлемі 6 мың. 286 га құрайтын (оның ішінде орман жабылған аймақ 5 мың 053 га, жабылмаған аймақ 1 мың 233 га) «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысына қарасты  «Бадам» орман шаруашылықтары бар. Орман шаруашылығында  2 бірлік негізгі өрт сөндіру техникасы, 8 бірлік қосалқы техника және әрқайсысының сыйымдылығы 3 куб. м. су УПП-3 маркалы 7 агрегат, сондай-ақ 3 мотопомпа, 36 аспалы су шашқыштар және 150 хлапушка.

Басқа жаңалықтар

Back to top button