Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша демалыс орындарында үгіт-насихат жұмыстары жүруде

Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Тоғыс су қоймасында Холодильник демалыс орнында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырып өткізді.
Шомылу маусымы кезінде суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде демалыс аймағының қонақтарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында балаларды өз еркімен су жағалауларына жібермеу қажет екенін ескертеміз! Алайда, су айдындарына жақын орналасқан тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемеуде. Судағы қауіпсіздік шараларын елемеу адам өміріне қауіпті екенін, белгіленбеген орнындарда шомылуға болмайтындығы туралы балаларға үнемі ескертіп отыру қажет. Шын мәнінде су қоймаларында демалушылардың қауіпсіздігі құтқарушыларға байланысты.
Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
— Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
-Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
— Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
— Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
-Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
-Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
— Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері
Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.



