Новости

Болуы мүмкін орман және дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында жалпы 40-тан астам ерікті өрт сөндіру топтары құрылды

Бүгінде қала бойынша болуы мүмкін орман және дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында жалпы 40-нан астам ерікті өрт сөндіру топтары құрылды. Олар, 69 бейімделген қосалқы техникалары мен 14 өрт сөндіру мотопомпалармен  жабдықталған.

Төтенше жағдайлар департаментінде 24 бірлік техника және 100 адам жеке құрамы дайындыққа келтірілді. Дала-орман өрттерінің негізгі себептері; сөндірілмеген сіріңкелер мен темекі қалдықтары, шыны ыдыстарының қалдықтары және дала, орман алқаптарында бақылаусыз от жағудан орын алады.

2021-2022 жылдар аралығында Шымкент қаласы аумағында дала-орман өрттер тіркелмеген.

Өткен жылдың шілде айында Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек даңғылы, №101 мекен-жайында орналасқан «Асанбай Асқаров атындағы Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының «Шымкент мемлекеттік Дендрологиялық саябағы» МКҚК ауласында құрғақ шөптің бір-неше жану оқиғасы тіркелді. Онда лауазымды тұлғалар  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда Дендросаябақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылған. Сондықтан «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 367-бабымен («Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу») жасалған іс-әрекеттерге – жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне– төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жаз айларында елдімекендерде орын алатын құрғақ шөп өрттерінің салдарынан егін алқаптарға өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан азаматтар немесе объектілердің иелері кінәлі болып табылса, жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз. ҚР ӘҚтК-ның 336-бабы бойынша (Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау) әкімшілік жауапкершілік қатаңдады. Яғни, «ескерту» әкімшілік жауапкершілік алынып, айыппұлдардың мөлшері одан әрі арта түсті. Жеке тұлғаларға 20 АЕК (58 340 тг.) басталып, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 АЕК дейін (1 млн. 458 мың 500 тг.) күшейтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button