
26 маусым күні #АуылФутбол жобасы аясында Ақтауда ауыл балаларына арналған Sun Finance Cup 2021 алғашқы турнирі өтті, оған 8 команда қатысты, деп хабарлайды BasNews.kz.
Кубоктың жеңімпазы Ақшұқыр ауылының «Aqshukyr» командасы болды. Күмісті Ақтауға жақын орналасқан Қызылтөбе ауылының командасы жеңіп алды. Турнирде Ақтөбе облысындағы аттас ауылдың «Aqkol» футбол клубы үшінші орынға ие болды.

Командалар алаңда мотивация мен жекпе-жекке деген адалдықтың жоғары деңгейін көрсетті. Аптап ыстыққа қарамастан жас футболшылар үлкен ынтамен және қызығушылықпен ойнады.
«Біз турнирге қатысу үшін Ақтөбе облысынан келдік.Біз Sun Finance пен АуылФутбол жобасына осындай мүмкіндік үшін және балаларға сыйланған эмоциялар үшін алғыс айтамыз», — дейді «Aqkol» футбол клубының жаттықтырушысы Дастан Бисембаев.

Жүлделерден басқа, # АуылФутбол және Sun Finance өкілдері Sun Finance Cup турнирінің ең сұрмергені, қақпашысы, қорғаушысы, шабуылшысы және ойыншысын марапаттады.
Сонымен қатар #АуылФутбол және Sun Finance өкілдері Sun Finance Cup турнирінің ең үздік бомбардирі, қақпашысы, қорғаушысы, шабуылшысы және ойыншысын марапаттады.

Ең үздік бомбардир — Қуатқали Адай (Aqshukyr)
Ең үздік қақпашы — Жақай Айбар (Aqshukyr)
Ең үздік шабуылшы — Мақсатұлы Диас (Aqshukyr)
Ең үздік қорғаушы — Нұрланұлы Жанатбек (Aqkol)
Ең үздік ойыншы — Аманжол Мейрамбек (Қызылтөбе)

«Көптеген ауылдарда арнайы алаңдар, спорттық жабдықтар, білікті жаттықтырушылар мен әдіскерлер секілді қажетті инфрақұрылым жетіспейтіндігіне қарамастан, балалар жақсы деңгейде ойнады. Негізінде барлығы энтузиасттардың арқасында жүзеге асады. Біз өз кезегімізде ауылдық клубтарға ең қажетті нәрселерді беруге тырысамыз: доптар, спорттық киім және спорттық жарыстарда тәжірибе жинау мүмкіндігі. Маңғыстау облысындағы турнир — біз Sun Finance арқасында биыл өткізетін бес турнирлердің бірі. Келесі айда кубок Ақтөбе облысында ойналады», — деді жоба жетекшісі Серік Мәмбетов.



