BasNewsНовости

Қаланы таза ұстау – өз қолымызда

Бүгінде Шымкентте көпқабатты тұрғын үй аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер бар. Жаңа қоқыс контейнерлері басқа контейнерлерге қарағанда ыңғайлы. Арнайы қақпақтары жеңіл қалдықтардың ұшып кетуінен, шашылуынан қорғайды және жағымсыз иісті шығармайды.

Бүгінгі таңда қоқыс алаңшаларының айналасына тұрмыстық қатты қалдықтардан бөлек құрылыс қалдықтары, сынған шыны заттары, ағаш бұтақтары және т.б. қоқыстарға толып ластануда. Аталған қоқыс қалдықтары жеке сектордағы тұрғын үйлерден түнгі мезгілде жеткізілуде. Бұл өз кезегінде шағымсыз иіс шығарып, жергілікті тұрғындарға кері әсерін тигізуде.

Тазалық жұмыстарынан соң контейнелердің айналасы химиялық сұйықтықпен залалсыздандырылады. Алдағы уақытта бей-берекет қоқыстардың алдын алу бойынша, құрылыс қалдықтарын тастаған азаматтарды анықтап учаскелік полиция тарапынан әкімшілік шара көрілетін болады. Сонымен қатар, қоқыс алаңшаларына бейне камера орнату жоспарлануда.

Мәдениеттілігімізді көрсететін тазалықтың адамзат баласы үшін орны ерекше. Сөйлеу шеберлігіміз жоғары, киіну, жүріп-тұру қағидаларымыз қалыптастақанымен, қоғамдық жерлерде тазалық сақтау арқылы көпшіліктің бағасына ие болатынымызды да естен шығармаған жөн. Ол үшін әрбіріміз осы тазалықтың төңірегінде жауапты екенімізді сезіну ғана жеткілікті. Сананың тазалығы арқылы қаланың тазалығына үлес қоса алатынымыз анық. Мәселен, санамыздағы «тазалыққа жауапты адамдар бар» деген түсінікті терең ойлап көрейікші. Расында солай. Десе де олардың еңбегін бағалау – бәріміздің ар алдындағы, қоғам алдындағы міндетіміз. Осыдан кейін-ақ тазалыққа тек арнайы мекеме қызметкерлері ғана емес, барлығымыз жауапты екенімізді біле аламыз.

Экологиялық сенбілік өзінің тікелей міндетінен басқа тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол нақты әрекет ететін, қалаға жаңашырлықпен қарайтын барлық адамдарды біріктіреді. Олардың ұраны: «Бұл менің қалам. Мен оны таза және жасыл етемін!». Бұл істе қаламыздың келбетін жақсартуға өз үлесін қосатын жастардың көп болуы қуантады

Құрметті тұрғындар, қоқыс контейнерлері үйден шығатын тұрмыстық қалдықтарға ғана арналғанын ескертеміз. Қала тазалығын сақтауға шақырамыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button