BasNewsНовости

Шымкенттік жас кәсіпкердің бизнес жоспары мақұлданды

Абай ауданының тұрғыны Аллаберген Исаев өз кәсібін бастағанға дейін ғылыми-зерттеу институтында келісім шартпен жұмыс істеген. Ол 29 жасқа дейінгі жастар санатымен мемлекеттік грантқа (583 400 тг.) өткен жылы өтінім береді. Нәтижесінде комиссия оның “Органикалық тыңайтқыш өндіру” тақырыбындағы бизнес жоспарын мақұлдайды.

Шымкент қаласы Абай ауданының тұрғыны Аллаберген Исаев тиісті қаражат есеп шотына түсісімен іске кіріседі. Жас кәсіпкер 10 мыңға жуық калифорния шылаушынын, оларға қорек ретінде арнайы топырақ сатып алған. Осылайша тәуекелге бел буып, кез келген жан қызыға бермейтін ерекше кәсіпті есік алдындағы 50 шаршы метр жерде бастап кеткен.

Жас кәсіпкердің айтуынша, шылаушын асырау арқылы топырақты тыңайтуға болады. Қызыл құрттар органикалық қалдықтарды жеп, биогумус, яғни, биологиялық тыңайтқыш жасап береді. Бұл егін шаруашылығына таптырмас дүние. Қазір тыңайтылған топырақтың бір келісін 70-80 теңгеден сатуда.

Шымкент қаласында 2021 жылы 700-ден астам азамат грантқа қол жеткізсе, оның ішінде 200-і жастар санатындағылар (29 жасқа дейінгі). Ал, 2022 жылы 1000-нан астам азаматқа бірнеше лек бойынша грант тағайындау көзделіп отыр. Грант иегері мониторинг барысында грант қаражаттары мақсатыз пайдаланылып, басқа бағытта жұмсалғаны анықталса, бағдарлама талаптарына сәйкес ол жөнінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне грант қаражаттарын қайтару бойынша тиісті шешім қабылдау үшін жолданады. Өз кезегінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі грант қаражаттарын бюджетке қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарады.

Нақтылай кетсек, Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік гранттардың мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүргізеді. Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның нысаналы пайдаланылуын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркеу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы растайды. Кәсіпкерлер палатасы шарт жасасқан күннен бастап он екі ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және жобаны сүйемелдеу бойынша сервистік қызмет көрсетуге жәрдемдеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button