BasNewsНовости

Мегополисте санитарлық тазалау жұмыстары күшейтілуде

Шымкентте қала әкімінің қала аумағында тазалық жұмыстарын жүйелеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, төрт аудан аумағында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келді. Аудан аумағындағы негізгі көшелер мен аяқ жолдар, аялдамалар мен ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. 

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында көпқабатты тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, қураған ағаштар, қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Республика, Ю.Гагарин, Ғ.Иляеев көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары тазартылды. Аталған жұмыстар күнделікті жалғасып, бекітілген кестеге сәйкес, атқарылуда. Сонымен қатар, аулалардағы шөптер орылып, балалар ойын алаңшалары ретке келтірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынып, аудан әкімі аппаратының Халықпен жұмыс жүргізу бөлім тарапынан қадағалануда.

Әл-Фараби ауданы аумағындағы ішкі орамдық көшелер мен аулаішілік аулаларда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Бүгінде аумақта шөп орылып, сынған бұталар шығарылуда. Сондай-ақ, ағаштарды әктеу, санитарлық қырқу жұмыстары да қарқын алды.

Бүгінде тазалық жұмыстары кезеңінде, Еңбекші ауданы аумағында орталық көшелердің ирригациялық арықтары мен көше бойларын тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудан аумағындағы тазалық жұмыстары аудан әкімі аппаратының толық бақылауында болады. Тазалық жұмыстары Абай ауданында да жалғасты. Аудан аумағында санитарлық тазалық, шөп ору жұмыстары жүргізілді. Бүгінде ауданда мердігер мекеме тарапынан негізгі көшелер мен ішкі орамдық көшелердің және аулалардың санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 5:00-ден бастап жүргізілуде. Орталық көшелердегі қоқыс алаңдары күнделікті, ішкі орамық көшелер аптасына бір рет тазаланады. Тазалық жұмыстарына мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС тарапынан 300-ге жуық жұмысшы мен 120 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, шөп ору жұмыстарына 4 бригада 45 қызметкер, 35 мотокосилка және газон ору жұмыстарына 5 бригада 30 адам 20 техника жұмылдырылған. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында. Қала тазалығын тұрақты бақылауда ұстау жөніндегі қала басшысы М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағында тазалық жұмыстары күнделікті бекітілген кестеге сәйкес орындалуда. Ауданның санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын «Жасыл жер» ЖШС тарапынан жолдарды, аялдамаларды, арықтарды тазалау жұмыстары тұрақты атқарылып келеді. Бүгінде ауданда орталық көшелер мен ішкі орамдық жолдарға механикалық тазалау жүргізіліп, аялдамаларды жуу жұмыстары жүйелі өткізілді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button