BasNewsНовости

Маусымдық гүл егу жұмыстары басталды

Абай ауданын көгалданыру бойынша биылғы жоспар ауқымды. Биыл абаттандырылатын аумақтар көбейіп, гүлзарлар алаңы ұлғайтылған. Сәнді өсімдіктер шаһар көшелерін ажарландыра түскен.

Бүгін аудан аумағындағы орталық көшелерді көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстары басталды. Атап айтқанда орталық көшелерге гүл егу, ағаштарды бір текті формаға келтіру, әктеу және газон ору жұмыстары атқарылуда. Аталған жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС-нің 150-ге жуық қызметкерлері жұмылдырылған.

Сонымен қатар, орталық көшелерге 100 мың дана бір жылдық гүл егу жұмыстары басталды. Аталған жұмыстарды мамыр айының соңына дейін аяқталатын болады.

Көріктендіру секторының меңгерушісі: «Бұл көшеттерді бірнеше жылдан бері сынақтан өткізіп келеміз. Көшеттер жергілікте жерде дайындалады. Шымкенттік ыстық ауа райына төзімді».

Шымкент – жасыл қала. Бұл статусты сақтап қалу үшін жыл сайын қаламызды көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Гүлзарлардан бастап жол жиектеріне және қала ортасына егіліп жатқан көшеттердің арасында маусымдық және көпжылдық гүлдер бар. Шаһардың шырайын ашатын гүлді суару жұмыстары да қолға алынған. Себебі, гүл қара күзге дейін жайнап тұруы тиіс.

Қала тұрғыны: – «Бір тал кессең, он тал ек», деген бабалар аманаты бар. Осы аманат үдесінен шығып, айналамызды жасыл желекке айналдыра берсек, келешектің де бізге айтар алғысы шексіз болар еді. Қаланың тазалығына әр тұрғын жауапты болса екен деймін. Отбасымызбен жыл сайынғы сенбіліктен қалмаймыз. Айналаны тазалап, ағаш егіп, оны суарып, бір кісідей көмектесеміз. Менің ойымша, қаламызда көркейтуге әрбіріміз борыштымыз. Осыны ұғынғанда ғана бас шаһарымызды көкпен көмкеріп, гүлмен кестелей аламыз.

Қаланың таза, әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Соңғы жылдары шаһардың ауқымы кеңейіп, күн санап қарыштап дамуда. Сондықтан тазалық мәселесі алдыңғы орында.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button