
Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша мегополисте санитарлық тазалау жұмыстары күшейтіліп, төрт аудан аумағында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келді. Қазіргі таңда аудан аумақтарында тазалық жұмыстары қарқын алды.
Шымкентте Әл-Фараби ауданындағы аймақтарда тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Яғни, аялдамалар мен аяқ жолдар және көше бойындағы кафельдерге механикалық тазарту жұмыстары жасалынып, көшелер сұйық сабынмен жуылды. Сондай-ақ автобус бекеттерінің айналасы тазартылып, көше бойындағы заңсыз жарнамалар алынып тасталынды. Аталған жұмыстарға 12 техника мен 50 жұмысшы тартылып отыр. Айта кетейік, тазарту жұмыстары Байтұрсынов, Момышұлы, Желтоқсан көшелерінде сондай-ақ Тауке хан даңғылында жүзеге асты.
Тазалық жұмыстары Абай ауданында жалғасты Аудан аумағында санитарлық тазалық, шөп ору жұмыстары қарқын алды. Бүгінде ауданда мердігер анықталып, негізгі көшелер мен ішкі орамдық көшелердің және аулалардың санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 5:00-ден бастап жүргізілуде. Орталық көшелердегі қоқыс алаңдары күнделікті, ішкі орамдық көшелер аптасына бір рет тазаланады. Тазалық жұмыстарына мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС тарапынан 300-ге жуық жұмысшы мен 120 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, шөп ору жұмыстарына 4 бригада 45 қызметкер, 35 мотокосилка және газон ору жұмыстарына 5 бригада 30 адам, 20 техника бөлінген. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында.
Қаратау ауданы аумағында тазалық жұмыстары күнделікті бекітілген кестеге сәйкес орындалуда. Ауданның санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын «Жасыл жер» ЖШС тарапынан жолдарды, аялдамаларды, арықтарды тазалау жұмыстары тұрақты атқарылып келеді. Бүгінде ауданда орталық көшелер мен ішкі орамдық жолдарға механикалық тазалау жүргізіліп, аялдамаларды жуу жұмыстары жүйелі өткізілді.
Кезекті тазалық жұмыстары Еңбекші ауданында жүзеге асырылды. Аудан аумағына қарасты басты көшелердің аялдамаларына механикалық жуу мен қолмен тазарту жұмысы атқарылды. Аялдамалардың шыны қорғандары сүртілді. Бұл жұмыстарға 12 арнайы көлік, жаяу жүргіншілер жолын жууға 2 трактор, аялдаманы жууға 3 арнайы көлік жұмылдырылған. Жалпы, санитарлық тазалық жұмыстары кезінде аяқжолдар да сыпырылып, қоқыс жәшіктері тазаланды. Жалпы, ауданда аталған жұмыс түрі күнделікті атқарылып, қала тазалығы басты назарға алынған.



