«Жасыл ел» жасақтары қала саябақтарының қамқоршысы

Мегаполистегі «Дендросаябақ», «Тәуелсіздік», «Жайлаукөл», «Қиял әлемі», «Абай», «Орталық», «Кең баба», «Жеңіс», тағы басқа саябақтар мен «Шәмші гүлзары», зообақ, қала тұрғындары мен қонақтарының мәдени тынығу демалыс орнына айналған. Ал бұлардың жасыл желкендері мен саялы ағаштарын күтіп баптау қала әкімідігіне қарасты шаруашылық мекемелерімен қатар жастарға да жүктелген «Жасыл ел» бағдарламасы құрылған алғашқы жылдары-ақ оң нәтиже беріп келеді. Осы бағдарлама аясында «Студенттік құрылыс жасақтары», «Жасыл ел» секілді еңбек жасақтары құрылған. Мұндағы мақсат – жастардың жазғы каникулда бос жатпай, еңбек етіп, жалақы табу ғана емес, өскелең ұрпақтың экологиялық патриоттық тәрбие алуы да маңызды.
«Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асып жатқанына 17 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында бұл бағдарлама жастарға жігер берген өміршең бағдарламаға айналды. Еліміздің әр аймағынан республикалық штабтың бөлімшелері ашылып, олар күні бүгінге дейін жұмысын жалғастырып келеді.
Қаланың экологиялық дамуына үлес қосуға биыл 1313 жас ниет білдіріп отыр. Бұл тазалық пен күтіп баптауға деген үлкен күштің шоғарланғандығын білдіреді. «Жасыл ел» бағдарламасы жазғы маусым кезінде студент-жастарды жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді. Студенттер, жұмыссыз жастар, бәрі бірге құрылыста және әлеуметтік нысандарда еңбек етуде, абаттандыру мен көгалдандыруға, саябақтар мен өзендерді тазалау жұмыстарына қатысуда.
«Жасыл ел» еңбек жасақтары қаламызда Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында өз жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыс уақыты аптасына 2 рет, сағат 9:00 — 14:00 уақыт аралығын қамтиды. Жалпы айына 8 рет жұмысқа шығады. Айлық көрсеткіші 60 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда, «Жасыл ел»еңбек жасақтары Абай ауданы бойынша 8 мөлтек ауданы, Әл-Фараби ауданы бойынша төменгі Отырар, Спортивный мөлтек ауданындарында Қаратау ауданы бойынша Нұрсәт мөлтек ауданына және Нұрсәт 2 абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары 2005 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған. 17 жыл ішінде 300 мыңнан аса жасты жұмыспен қамтылып, 44 млн-нан аса ағаш отырғызылды. Сонымен қатар 180 мың гектар жерде сарбаздар («Жасыл ел» жастары ) әр түрлі жұмыстарға тартылды. Одан бөлек мемлекеттік маңызы бар бағдарламаларға, атап айтқанда «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автомагистралінің салынуына және «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі», Экспо ғимаратының салынуына «Жасыл елдің» қосқан еңбегі бар.



