
Ұлттық бірлікті және этноконфессиялық толеранттылықты қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы сияқты демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құру мен дамытудың аса маңызды шарты болып табылады.
Елдің экономикалық өсуі, әлеуметтік прогресі және оң дамуы тек қоғамның топтасуы мен бірлігін сақтау кезінде ғана мүмкін болады.
Этносаралық қатынастар саласындағы негізгі стандарттар еліміздің негізгі құжаты-Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған.
Бүкіл әлемде танылған этносаралық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі қағидаттары: этностық, конфессиялық, мәдени және тілдік әралуандық; Қазақстан этностарының мәдениеті мен тілдерінің дамуы үшін барлық жағдай жасау; толеранттылық пен жауапкершілік; қазақ халқының шоғырландырушы рөлі; Қазақстан халқының бірлігі болып табылады.
Ұлтаралық қатынастарды табысты дамыту үшін маңызды гуманистік қағидаттарды сақтау қажет: зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеуден бас тарту; адамның құқықтары мен бостандықтарын оның қай ұлтқа жататынына қарамастан аса маңызды құндылық деп тану; қайшылықтарды бейбіт жолмен реттеуге әзірлік; ымыралы шешімдерге қол жеткізуге үшінші тараптың қатысуы; этностық қауымдастықтар арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының халқы 1 074 466 адамды құрайды.
Оның ішінде ұлттық құрам бойынша: қазақтар – 764947 (68,76%), өзбектер – 193163 (17,36%), орыстар – 90872 (8,16%), әзірбайжандар – 19246 (1,73%), татарлар – 10 386 (0,93%), түріктер – 7 818 (0,7%), корейлер – 6 618 (0,59%), күрдтер – 3 508 (0,3%), украиндар-2 193 (0,19%), қырғыздар-2192 (0,19%), ұйғырлар – 1 980 (0,17%), шешендер – 1 508 (0,13%), парсылар –1 258 (0,11%), немістер — 1 206 (0,10%), тәжіктер – 978 (0,08%), башқұрттар – 393 (0,03%), гректер – 611 (0,05%), басқа этностар саны – 3 592 (0,32%).
Мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру және ұлтаралық толеранттылық үдерістерін тереңдету мәселелері Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қарауында.
Қазіргі уақытта мегаполистегі ұлтаралық ахуал тұрақты және орта мерзімді перспективаға оң болжанып отыр.



