
Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар мен қаладағы эпидемиологиялық ахуал төңірегінде өткен брифингте мәлімдеді.
- Денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты 33 медициналық ұйымы бар. Оның ішінде 12 емхана, 15 аурухана, 6 басқа ұйымдар (Диагностикалық орталық,медициналық колледж, қан орталығы, ЖЖС, балалар үйі, СПИД орталығы) бар. Қалада тәуліктік 4 125 төсек-орын күндізгі стационарда 1 959 төсек-орын бар. Шымкент қаласында 4 760 дәрігер қызмет етеді, Он мың мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 құрап отыр, 10 496 орта буын медициналық маман қызмет етеді Он мың халыққа шаққанда көрсеткіш 92,8 құрап отыр. Шымкент қаласының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 4 жаңа (№14Емдеу орталығы, Дария Медикус, Саби Мед, Турлан Медикал) медициналық орталық ашылып 50 мың халыққа қызмет көрсетуде. Сонымен қатар бір дәрігердің жүктемесі 1 616 дейін төмендеді.
Медицина саласындағы оң өзгерістерге келсек, қалалық онкологиялық орталықта онкогематология бөлімшесі ашылды, (пэт/кт) орталығы мен сәулелі терапия орталығында (пэт, кт) сызықтық үдеткіш апараттары орнатылды. (КТ және сызықтық үдеткіш қызмет көрсетуде, (пэт) қыркүйектен бастап қызмет көрсету жоспарлануда); 2022 жылдың 1 сәуірден бастап аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография және стендттеу қызметі көрсетілуде; Қалалық онкологиялық орталықта, №1 қалалық клиникалық ауруханада, қалалық клиникалық балалар ауруханада және Шымкент жүрек орталығында республикалық мамандарымен 8 мастер-класс өткізілді, оған 120 маман қатысты; Жедел медициналық жәрдем станциясында орталықтандырылған симуляциялық орталықта Халықаралық стандарттар бойынша 108 медициналық қызметкерлерге практикалық дәрістер өткізілді.
Материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету 77 пайызды құрайды. Басқарма тарапынан жыл басында медициналық жабдық сатып алу үшін 1,1 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде диагностикалық тексеру жұмыстары мен күрделі оталарды жасау үшін жеті аппарат сатып алынды. Бұған қоса, жыл соңына дейін үш медициналық техника сатып алынады.
Амбулаториялық деңгейде қаладағы 44 медициналық ұйым (11 мемлекеттік 33 жеке меншік) 2022 жылға 9,4 млрд. теңге сомасына дәрілік заттар сатып алуға өтінімдер ұсынды. Оның ішінде 6,3 млрд теңгеге дәрілік заттар жеткізілді. Орфандық (сирек кездесетін) аурулары бар 36 баланы дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді, 32 бала (88,9%) дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.



