Новости

Шымкент: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 84,7% құрады

Шымкент қаласында 2022 жылдың I-жарты жылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 16,9 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 84,7% құрады.

Оның ішінде:

Өсімдік шаруашылығы 2,7 млрд. тг НКИ-113,4%

Мал шаруашылығы 14,2 млрд. тг НКИ-81,4%

Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 93,2 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,3 млн. АҚШ долларына артты. Өткен жылғы қаңтар-мамыр — 69,9 млн. АҚШ доллар құрады.

Салада 6,6 мың адам жұмыс жасап, 1 жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 4 млн. 169 мың. тг. құрап, өсімі 107,5% жетті.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестицияның көлемі 1,1 млрд. теңгені құрады.

Биылғы жылы мегаполисте 30,0 мың га егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде дәнді дақыл- 13,0 мың га, майлы дақыл-3,6 мың га, мал азықтық- 9,6 мың га, көкөніс пен бақша- 3,4 мың га, картоп – 0,4 мың га, жүгері -0,1 мың га. Нәтижесінде, 90,1 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Қазіргі таңда, 33,5 мың тонна өнім жиналды.

Шымкент қаласы соңғы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайтын үлкен орталыққа айналуда. Себебі, соңғы уақытта шетке Шымкентте өндірілген көптеген азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталуда.

Шымкент елімізде ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттайтын ірі орталыққа айналды. Мегаполис жыл басынан бері өзге мемлекеттерге 93 миллион доллардың тауарын сатқан. Ол былтырғы жылдан 30 пайызға көп. Оның 70 пайызға жуығы терең өңдеуден өтіп, өзіндік құны жоғарылаған заттар.

Ал экспорттық тауарлардың ішінде ұн және одан жасалған өнімдердің үлес салмағы басым. Қалада орналасқан бір ғана макарон фабрикасының өзі тәулігіне 100 тоннадан астам өнім шығарды. Отандық тауар Ресей, Грузия, Қырғызстан мен Өзбекстанға жіберіледі.

Биыл қалада «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағының құрылысы басталды. Мұнда шет ел инвесторларымен бірлесіп сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыру ойластырылуда. Сондай-ақ биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі іске қосылатын болады. Жоспар бойынша алғашқы кезеңде индустриялды аймақта құны 9 миллиард теңгеге жуық жобалар жүзеге асады. Оның нәтижесінде, Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда екі есе артпақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button