Новости

Шымкентте 20 мыңға жуық педагог оқушыларға білім беруде

Мегаполисте 2022-2023 оқу жылында мектеп саны 20-ға артып, 223 мектепте 242 525 оқушымен 19 534 педагог оқу-тәрбие жұмысын бастады.

Басқармаға қарасты 223 мектеп, 577 балабақша, 37 колледжбен, жалпы 861 білім беру ұйымдарында 390 мыңға жуық тәрбиеленушілермен жаңа оқу жылы басталды. Оқу жылы 36 апта 173 оқу күні, 192 каникул және демалыс күндерінен тұрады. 1-сыныпқа 28 002 оқушы қабылданды. Өткен жылмен салыстырғанда 3 000 балаға артық.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқушылар 36 оқу аптасында 173 оқу күн оқып, 192 каникул, демалыс күндерімен демалады. Оқу жылына 2 апта қосылуына байланысты біршама мүмкіндіктерге қол жетті. Жаңа оқу жылында 223 мектептің 218-і, яғни 97,8%-ы бес күндік, үш ауысымда білім беретін 5 мектеп 6 күндік оқумен қамтылады. Өткен жылмен салыстырсақ, бес күн оқитын мектептер 61-ге артып, 6 күн оқитын мектептер 40-қа кеміді. Сонымен қатар, 45 мектеп бір ауысымда, 173 мектеп 2 ауысымда, 5 мектеп үш ауысымда білім береді.

Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің саны — 339, оның ішінде 102 мұғалім «әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану» мамандығына ие. Өзін-өзі тану пәнінің қысқаруына байланысты, оның 42-сі өз білім беру ұйымына әлеуметтік педагог болып орналасса, 23-і жаһандық құзыреттілік курсымен қамтылады. Ал 37 мұғалім кәсіптік бағдар беруші лауазымына ауысты.

Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің саны — 1 385. 2021-2022 оқу жылында мұғалімдердің орташа оқу жүктемесі — 24,5-ті құраған. Сараптау нәтижесінде сағатпен қамтылмаған 45 дене шынықтыру пән мұғалімдеріне жаңадан ашылатын 20 жекеменшік мектептердегі 113 бос орындар ұсынылды. Нәтижесінде, 5-11 сыныптарда дене шынықтыру пәні бойынша жалпы орташа оқу жүктемесі — 16,3 сағат, бастауыш сыныптарда  16 сағатты құрады.

Түсіндірме: барлық білім беру ұйымдарында спорт залдар саны 1 немесе 2-еуден аспайды. Дене шынықтыру пәні аптасына үш сағаттан, 2 топқа бөлінсе, 6 сағаттан. Әсіресе күз, қыс айларында 1 спорт залында 4-5 сынып қатар білім алады. Ал көктем мезгілінде 2 сынып 4-ке бөлініп, бір залда 4 мұғалім жұмыс жасайды. Аптасына үш сағат денешынықтыру пәнін оқу балалар үшін пайдалы, алайда, бөліп оқыту негізсіз. Ұлдар мен қыздарға сабақ жоспарын қатар түзе отырып, білім беру мүмкіндігі бар. Үлгілік оқу жоспарын бір жыл бұрын немесе мамыр айында ұсынғанда түсінбеушіліктер туындамас еді.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button