Новости

«Арбат» демалыс аймағында «TILTIMES» іс-шарасы өтті

5 қыркүйек  еліміздегі ең маңызды да мәнді мерекелердің бірі  Қазақстан халқы тілдері күні атап өтіледі. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырып бекітілген бұл мереке елімізде өмір сүріп келе жатқан этнос өкілдерінің арасындағы ынтымақтастықтың, сонымен қатар мемлекеттік тілге деген құрметтің белгісі іспеттес.

Осы атаулы датаға орай Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Арбат» демалыс аймағында «TILTIMES» іс-шарасы өтті. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тұрғындар арасында тіл мәдениетін көтеруге бағытталған бұл шараның аясында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ мерекеге орай жас суретшілер арасында байқау өткізіліп, талантымен көпшілікті таңқалдырған жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

15 мемлекеттің басын біріктірген Кеңес заманында барлық ұлтты ынтымақтастырған да жалпыхалықтық мерекелер. Кеңес үкіметінің арнайы мерекелерді атап өту жөніндегі жарғысынан кейін қоғамның барлық саласында үлкен өзгерістер пайда болды. Аталған өзгерістер жаңа кеңестік мәдениеттің қалыптасуына алып келді. Мәдени төңкеріс мемлекеттік саясаттың бір бөлігі ретінде Кеңестік, оның ішінде Қазақстандағы сауатсыздықты жоюға, кеңес зиялы қауымын құруға, жаңа мәдениет, өнер, әдебиетті қалыптастыруға ықпалы зор болды. Әсіресе Қазақстанда рухани өмір жанданды. Біртіндеп революциялық мерекелер пайда бола бастады, одан өзге әскери-патриоттық және еңбек мерекелерін атап өту дәстүрге айналды.

Қазақ тілі ұлтаралық қатынастар тіліне айналуы тиіс  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты өткен жылғы Жолдауында: – Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін деген болатын.  Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде өзге ұлт өкілдерінің тілінің дамуымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде елімізде 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік тілді дамытудың бағдарламасы да қазақ тілінің ұлтаралық қатынастар тілі деңгейіне жетуіне бағытталған.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button