Новости

Ауыр атлетика спорт мектебіндегі 96,4% қызметкерлердің жазбаша өтініштерінің негізінде кәсіподақ ұйымы ашылды

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №20 ауыр атлетикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұжым мүшелерінің жалпы жиналысы өтіп, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңына сәйкес, мекемеде жұмыс істейтін 56 адамның 54-і немесе 96,4%-і жазбаша өтініштерінің негізінде кәсіподақ мүшелігіне қабылданып, «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылған.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы болып, қол күрес бөлімінің әдіскері Сапарбаев Біржан Оспанұлы, ал тексеру комиссиясының төрайымы болып, кадр жөніндегі инспектор Сұлтанбекова Гүлбану Орынбекқызы сайланды.

Мекеменің жұмыс берушісі Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №20 — ауыр атлетикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің директоры Мұрат Амангелдіұлы Жилкибаевтың және спорт мектебінің қызметкерлері, бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Біржан Оспанұлы Сапарбаевтың арасында 2022–2024 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойылып, ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіліп, ол Шымкент қаласының мемлекеттік -еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткізілді.

Филиал төрағасы С.Әуесханов мекеме қызметкерлерін кәсіподақ қозғалысының жұмысына белсене қатысуға шақырды.

Мекеменің кәсіподақ комитетінің төрағасы Біржан Оспанұлы Сапарбаев кезінде атақты спортшы болған, Әлем чемпионаттырында, Олимпиада ойындарында, Халықаралық жарыстарда Қазақстанның абыройын асқақтатқан азаматтар бүгінде осы спорт мектебінде қызметкер, оқытушы-жаттықтырушы, төреші, тағы басқа жұмыс жасайтындарын айтып, мысалыға олардың қаратында: Жаппарқұл Жазира Әбдрахманқызы, Искандерова Валида Рамизовна, Пчелинцев Игорь Вальеревич, Рашидов Сергей Анатольевич, Садықов Қахроман Шаукатович және тағы сол сияқты азаматтар бар екенін мақтаныш тілге тиек етіп, кәсіподақ қозғалысында да, алдыңғы қатарлы ұйым болатына сенім білдірді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button