Новости

«Біздің полиция» — Бақытжан Омарбеков

Шымкент қаласы Полиция департаменті «Біздің полиция» жобасын жалғастырып жатыр. Кезекті кейіпкеріміз – Бақытжан Омарбеков. Ол алғашқы еңбек жолын 2009 жылы ОҚО Көші-қон басқармасы бойынша Заңсыз көші-қонмен күрес арнайы взвод инспекторы болып бастаған. Қазіргі таңда Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты Қаратау АПБ Жергілікті Полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы.

Тәжірибелі тәртіп сақшысы Түркістан облысы Түлкібас ауданы Майтөбе ауылында дүниеге келген. Бала күнінен қырағы тәртіп сақшысы болуды армандаған ол бос уақытында кітап оқып, зияткерлік сабақтарға қатысқан. Жасынан спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанған. 2001-2006 жылдары Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Заңгер» мамандығын меңгеріп шыққан.

Бүгінде жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген полицей 2018 жылы орын алған келесі оқиғаны еске салды: Өзіне бекітілген аумағында, яғни «Қайтпас» шағынауданында кәсіпкердің біріне қарақшылық шабуыл жасалады. Ашып айтқанда, бір топ бұзақы темір алып-сататын кәсіпкерді байлап, құнды бағалы заттарын алып, белгісіз жаққа бой тасалап кеткен. Сонда Бақытжанның тапқырлығы мен айласы, кәсіби шеберлігінің арқасында күдіктінің жүрген жері анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілген. Сонда жас сақшының еңбегі бағаланып, ІІМ сол кездегі министрі Қалмұханбет Қасымовтың өзі полицейді арнайы мараппатаған болатын.

Айта кетейік, Бақытжанның туған ағасы да полиция қатарында қызмет атқарады. Соған қарап бой түзеген ол ағасының өзін-өзі ұстауы, адамдармен сөйлесу мәнері, арнайы нысанды киім үлгісіне қарап қатты қызығып өскенін атап өтті.

«Халықтың сеніміне ие болу — әрбір учаскелік полиция инспекторының мақсатына айналғанда ғана, жұмыс нәтижесі артады. Қаратау ауданында «Нұрсат» шағынауданының әкімшілік аумағында қызмет атқарамын. Саны — отыз алты мыңды құрайды. Күн сайын әр аула мен үйді аралап шығамын. Тұрғындардың бәрі-мені, мен — оларды танимын, қандайда шаруалары болса, бірден хабарласады. Қоғамдық тынышы үшін жұмыла жұмыс жасаймыз» деді полиция майоры.

Сондай-ақ, тәртіп сақшысы өз сөзінде: “Азаматтардың сенімі – жұмыс сапасына тікелей байланысты, өйткені учаскелік инспектор — халық пен полиция арасындағы негізгі қызмет түрі қатарында” екендігін есте сақтау қажеттігіне ерекше тоқталды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button