Новости

Шымкент қаласының тұрғындары арасында листериоз аурушаңдығы тіркелмеді

Шымкент қаласының тұрғындары арасында 2022 жылдың 8 айына листериоз аурушаңдығы тіркелмеді.

Листериоз – адамдар мен жануарлардың арасында кеңінен тараған қауіпті жұқпалы ауру. Әдетте оны анықтау өте қиын, себебі бұл аурудың көрінісі тамақ ауруына (ангинаға), жіті вирусты инфекция (ЖРВИ), іріңді менингит, қан аурулары сияқты кеңінен таралған ауруларға ұқсас. Листериозды тек қана зертханалық зерттеу арқылы анықтайды. Қазақстанда статистика бойынша 30%-ға жуық адамдар листерияның тасымалдаушысы болып табылады.

Адамдар листериоздың салдарынан туындайтын аурудан қаншалықты қауіптің барын білмегендіктен, оған көңіл аудармайды.

Жоғарыдағы аталған белгілі аурулардан листериоздың айырмашылығы — жүкті әйелдердің түсік тастауына, нәрестенің алғашқы айларында өлі тууына, жүкті әйелдердің баланы мерзімінен ерте тууына, нәрестелердің екіден бірінің шетінеп қалуына және 1 жасқа дейінгі туылған балалардың 25% кемтар болып өсуіне (гидроцефалия, мидың жұмысының тоқтауы) себеп болады.

Бала туатын жастағы барлық әйелдерді ангинамен, аналық без бен жатыр мойнының қабынуымен, барлық жүкті әйелдер босанғанға дейін және одан кейін тұмау тәрізді аурулармен жиі ауырса, жерік кезінде аурушаңдықты анықтау мақсатында міндетті түрде листериозге зертханалық зерттеу қажет!

Табиғатта листериоз ауруының ең көп тарататын тасымалдаушысы — кеміргіштер. Олардың организмінде листерия ұзақ уақыт сақталады. Листерия қоздырғыштарын нәжістерімен (зәрмен, нәжіспен) қоршаған ортаны, азық-түлік өнімдерін ластайды. Адамдар мен жануарлар ластанған азық-түлік өнімдерін тұтынған кезде ауруды жұқтырады. Листерия тоңазытқышта да өмір сүру қабілетіне ие.

Инфекцияның таралу жолдары:

  1. Алиментарлық — ауру құстың (жануардың) етінен, ауру кеміргіштердің бөлінділерімен ластанған сүт, ірімшік, жұмыртқа, көкөніс, су арқылы;
  2. Байланыс — зақымдалған тері, көз арқылы, жануармен немесе олардың өнімдері арқылы;
  3. Ауа-тамшы жолымен — жұқтырған жануарлардың терісін өңдеу барысында шаңды жұту кезінде;
  4. Трансмиссивті — ауру жануардың қанын сорған кенелер мен бүргелер адамды шағу арқылы;
  5. Вертикалды (тік) — инфекция құрсақта анадан балаға беріледі.

Алдын алу жолдары:

  1. Жидектер мен көкөністерді сумен тазалап жуу;
  2. Асханада тазалықты сақтау және ет пен жемістерге арналған тақтайлардың бөлек болуы;
  3. Тоңазытқышты үнемі тазалықта ұстау;
  4. Ет пен балықты толық пісіру керек, жартылай фабрикаттарды барынша қолданбау;

5.Сүт пен сүт өнімдерін дұрыс сақтау.

Дұрыс өңделген және дайындалған тағам денсаулыққа қауіпсіз екенін есте ұстаған жөн.

Тазалық — денсаулық кепілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button