Новости

Шымкентте спорттық нысандар саны мыңға жуықтады

Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 933-ке жетті.

Ағымдағы жылы бюджет есебінен қаламызда 3 спорт нысанының және жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионын реконструкциялау» құрылыс жұмыстары.

Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған, 2023 жылға өтпелі. Қазіргі уақытта, спортшылар үйінің құрылысы 100 % аяқталды. Ал ойын түрлеріне арналған үлкен спорт залдың қаңқасы (конструкциясы) тұрғызылып, қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде (50 %). Әкімшілік ғимараттың құрылыс жұмыстары 90 %-ға орындалып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. 1504 орынға арналған көрермендер трубинасының құрылыс жұмыстары 80%-ға (әрлеу, шатырын жабу, орындықтарды орнату жұмыстары) орындалды. Футбол алаңының жер жұмыстары (дренаж жұмыстары-70%) орындалды. Жылу жүйесін тарту жұмыстары 50%-ға орындалды.

«Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебінің қосымша корпусын салу» құрылыс жұмыстары.

Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған, 2023 жылға өтпелі. Қазіргі уақытта, нысанның құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ: жер төле қабырғасы 100 %-ға аяқталды. Ал үлкен спорт залдың қаңқасы көтеріліп, моналиттік регилдері мен бетон калонналары құйылуда (60 %). Инженерлік жүйелері құрылысы 70 % (су, электр т.б.), модульды жылу қазандық корпусы 100 % орындалды. Ішкі әрлеу жұмыстары 55% ға (сылақ, бояу жұмыстары) орындалды.

«Шымкент қаласы Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорт ғимаратының құрылысы»

Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың наурыз айында басталды. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Қазіргі уақытта, жер жұмыстары, ірге тасын құю жұмыстары, 1 қабат қабырғаларын кірпішпен өру жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта, 2 қабат қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары (40% аяқталды) жүргізілуде.

«Үстел теннисіне арналған спорт нысанының құрылысы»

Құрылыс «Отау Строй» компаниясының есебінен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 100% аяқталды. Құжаттарын заңдастыру жұмыстары жүргізілуде.

«Жаңа ипподром құрылысы»

Құрылыс «BI Group» компаниясының есебінен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2022 жылы аяқтап, пайдалануға берілуі жоспарлануда. Әкімшілік ғимарат қаңқасы тұрғызылып, іргетасы қаланды (100 %). Трибунаның шатыры орнатылып, әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жазғы атқора құрылысы 100 %-ға, қысқы атқораның құрылыс жұмыстары 80 %-ға аяқталды. Қазіргі уақытта, қысқы атқораның ішкі әрлеу-сырлау жұмыстары жүргізілуде. Ал конкур, көкпар, бәйге алаңы құрылысы – 90 %-ға (тегістеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы төсенішін төсеу жұмыстары жоспарлануда) орындалды. Ветеранарлық блоктың құрылысы 70 %-ға (нысан қабырғасы қаланып, әрлеу жұмыстары жүргізілуде) аяқталса, инженерлік жүйе жұмыстары 30 %-ға орындалды. Қазіргі уақытта, жабық конкур манежінің құрылысы (жер жұмыстары, калонналырын тұрғызу жұмыстары аяқталып, ферма құрылысы басталды) жүргізілуде (25 %-ға орындалған).

«SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы

Орынбаев, Ғ.Ильяев көшелерінің қиылысында орналасқан. Нысанда қарастырылған 4 футбол ангарының қаңқасы тұрғызылып, сыртқы қаптау жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта, ангар ішіне қажетті жабдықтар орнатылды. Сонымен қатар, қосымша ғимарат қабырғалары қалалынып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

«TURAN ГХА» спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. (Еңбекші ауданы, 12 мөлтек аудан, Т.Тәжиев көшесі, 180)

Басқа жаңалықтар

Back to top button