Новости

«Балалар жылы»: Шымкентте «Аула чемпионаттары» ұйымдастырылуда

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, қаламыздағы мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласының төрт ауданында орналасқан спорт алаңшаларында (қалада жалпы- 346 алаңша бар) әр аптаның жексенбі күндері аудан әкімдіктерімен бірлесіп «Аула чемпионаттары» ұйымдастырылуда.

Аталған спорттық іс-шараға 5-17 жас аралығындағы балалар спорттың 6 түрінен (асық ату, ләңгі тебу, баскетбол добын торға түсіру, футбол қақпасына доп тебу, қыздар арасында скакалкамен секіру, гимнастикалық шеңбер айналдыру) сынға түсуде. «Аула чемпионатында» жеңімпаз болған балаларға диплом, медаль және кубоктар табысталып, қатысқан барлық балаларға арнайы сыйлықтар берілуде.

Бүгінгі күнге дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында 48 спорт алаңшада «Аула чемпионаттары» өткізілді. Осы өткізілген спорттық іс-шараларға 3600 ден астам балалар қатысып, 120 ға жуық спорт саласының мамандары жұмылдырылды. «Аула чемпионатын» жыл соңына дейін спорт алаңшаларда (әр ауданда орналасқан 32 алаңшада өткізілетін болады) жыл соңына дейін өткізу жоспарлануда.

«Қолжетімді спорт» жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Қолжетімді спорт» жобасы жұмысын Шымкент қаласында іске қосты.Жоба қаладағы 4 саябақта (Орталық, Жеңіс, Металлургшілер саябағы және Абай саябағында) іске асырылуда. Бұл жобада 12 жаттықтырушы спорттың 4 түрінен (Скандинавиялық жүріс, Үстел теннисі, Каратэ, Фитнес) қала тұрғындарымен жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

«Tartyl fest» спорт фестивалі

Қаламызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша бесінші республикалық спорт фестивалі өткізілді. «Tartyl Fest» спорт фестивалге 2085 қатысушы онлайн тіркеліп, 624 адам жарысқа қатысты. Онда шымкенттік Азамат Сапар турникте 41 рет тартылып, рекордты жаңартты. Қатысушылар арасында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар және қыздар да болды. Таңертеңгі сағат 11:00 басталған жарыс алты сағатқа созылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button