Новости

Шымкент: Спорттық секцияларды жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы аясында 414 адам жұмыспен қамтамасыз етілді

Шымкент қаласында 2021 жылдың II-жарты жылдығынан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. 2021 жылы 439 млн. теңге қаржы бағытталып, 54 кәсіпкер 12474 баланы спортпен тұрақты шұғылдандырды.

2022 жылы жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 млн. теңге қаржы бағытталып, спорттық секцияға 14 000 баланы немесе 4-пен 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 16%-ын қамту жоспарланған болатын.

Бүгінгі күні, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасына 130 кәсіпкерден өтінім түсіп, оның ішінде 96 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, оң шешімін алды.

Қәзіргі таңға дейін, мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша (186 спорттық секцияда) жалпы саны 14 230 баланың ата-аналарымен келісім-шарт жасалды. (спорт түрлері: баскетбол, бокс, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, каратэ, таеквондо, жүзу, үстел теннисі, футбол, шахмат, көркем гимнастика, волейбол, пауэрлифтинг, қазақ күресі, футзал, теннис).

Осы жоба аясында 264 жаттықтырушы және 150 жуық басқада қызметкерлер жұмыспен қамтамасыз етілді. Жалпы саны 414 адам.

Жоғары спорттық жетістіктер бойынша 2022 жылдың 9 айында жеткен нәтижелер туралы айтар болсақ,2022 жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 491 алтын, 454 күміс, 470 қола медаль жеңіп алды. Жалпы 1415 медаль.

Азия чемпионаттарында қала спортшылары 59 алтын, 34 күміс және 52 қолаға қол жеткізсе (жалпы 147 медаль), осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 31 алтын, 20 күміс және 18 қола медальға (жалпы 69 медаль) ие болды.

2022 жылғы 1-15 мамыр күндері Кашиас-ду-Сул қаласында /Бразилия/ өткен ХХIV Сурдлимпиада ойындарына еркін күрестен 70 кг. салмақта Рсалы Сабыржан және 65 кг.салмақта Пернеш Шадияр қатысып, Рсалы Сабыржан 2 орын, Пернеш Шадияр 5 орынды жеңіп алды. Нәтижесінде қала әкімі Рсалы Сабыржанға 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 12-23 мамыр аралығында Нормандия қаласында /Франция/ өткен Дүниежүзілік гимназияда ойындарына 11 спорт түрінен 23 спортшымыз қатысып, нәтижесінде 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

2022 жылғы 13-15 мамыр күндері Мальграт-де-Мар қаласында өткен /Испания/ Еуропа чемпионаттарына комбат дзю-дзюцудан (фул контакт, клосс контакт) 2 спорт түрінен 10 спортшымыз қатысып, нәтижесінде 9 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

2022 жылдың Бирмингем қаласында /АҚШ/ өткен XI Дүниежүзілік ойындарына 3 спортшы қатысып, нәтижесінде Берульцева Софья каратэден 1-орынды жеңіп алса, құзға өрмелеуден Улжабаева Тамара мен каратэден Дархан Асадилов 7-ші орынды иеленді.

2022 жылдың 08-15 тамыз күндері Түркияның Конья қаласында өткен V Ислам ынтымақтастық ойындарына қаламыздан 12 спортшы қатысып, нәтижесінде спортшыларымыз 5 алтын, 4 қола медаль жеңіп алды.

2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 3 ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері, 38 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 216 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 324 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапына ересектер құрамасына 416, жастар құрамасына 268, жасөспірімдер құрамасына 201 спортшымыз енген.

Қазіргі таңда 299 спортшыға ай сайынғы ақшалай жабдықталым (стипендия) төленеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button