Новости

3 млн сыйақы: Шымкенттің ең сәнді аулалар марапатталады

Шымкентте «Менің гүлді аулам» атты гүлдер фестивалі өтеді. Бұл туралы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров баспасөз мәслихатында айтып өтті. Шымкент қаласының әкімдігі аталған фестивальді келер жылдың сәуір айында өткізуді жоспарлаған. Ал, 1 қазаннан бастап конкурсқа өтінім беру басталып кеткен.

«Менің гүлді аулам» – бұл көпқабатты үй тұрғындарының өз аулаларын гүлдермен безендіруге арналған конкурс. Яғни, конкурсқа қатысушы тұрғындар ауланы көгалдандырып, гүлзарлар мен сәндік ағаштар егіп, оларды үнемі тазалап, бұталар мен ағаштарға уақытылы күтім жасап отыруы тиіс», — деді Е.Қыдыров.

Одан өзге басты шарттардың бірі – гүлдердің 25%-ы қызғалдақ болуы қажет. Жалпы, қатысушы аула тұрғындары дизайнын әрлеуде креативті тәсілдер қолданып, фестивальдің тақырыбын ашуы керек. Жеңімпаздар қомақты қаржымен марапатталады.

Атап айтқанда, 1 орын — 3 млн., 2 орын — 1 млн. және 3 орын — 500 мың теңге болады. Айта кетерлігі, жеңімпаздар әр ауданнан бөлек-бөлек таңдалады. Яғни, Қаратау, Еңбекші, Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандарынан үш жеңімпаздан болады.

Айта кетерлігі, өткен жылдарда Шымкентте «Қызғалдақ жолы» атты гүлдер фестивалі өткен. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы бұл жолы фестивальге өзгерістер енгізіп, конкурс түрінде өткізуді жоспарлаған. Сондай-ақ, ауланы көгалдандыру, көркейту жұмысын да тұрғындардың өз қалауларына тапсырған. Күзде басталған жұмыстардың нәтижесі келер жылдың сәуір айында белгілі болады. Арнайы құрылған қазылар алқасы тиісті баға беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды.

Өтінім беру – «visit-shymkent.kz» сайты арқылы жүреді.

КРИТЕРИЯЛАР:

  1. Ауланыкөгалдандыру, гүлзарлар мен сәндікағаштарегужәнеолардыүнемітазалап, бұталарменағаштарғауақытылыкүтімжасау, кесу (отырғызылғангүлдердің 25 %-ы қызғалдақболуықажетжәнеқызғалдақжанындакөпжылдықгүлдеротырғызылуқажет);
  2. Тұрғындардың аула аумағындакөгалдандыру, абаттандыру, тазалық пен тәртіпсақтау, сенбілікжасау, ауланыэстетикалықбезендіружұмыстарынабелсенеқатысуы;
  3. Құрғақжәнезақымкелгенағаштардыңболмауы;
  4. Абаттандыру (аула аумағынсырлау, бояу, кіре-берістің (подъезд) жағдайына да мән беру жәнет.б);
  5. Фестивальдіңжалпытақырыбынашу;
  6. Аумақтаатқарылғанжұмыстарбойынша презентация жәнеәлеуметтікбейнеролик;
  7. Дизайнынәрлеудекреативтітәсілдерқолдану;
  8. Суаружүйесі мен гүлзарларғакүтімжасаудыңоңтайлышешімін табу;
  9. Минералдытыңайтқыштардықолдану;
  10. Жалпысметалықшығыс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button