Новости

Шымкент: Медицина саласын реформалау аясында жұмыстар жүргізілуде

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков Мемлекет басшысының Жолдаудағы тапсырмасы төңірегінде өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша брифинг берді. Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Жолдауда айтылған денсаулық сақтау саласын дамыту бағытындағы оң жұмыстарға тоқталсақ.

«Нақтырақ айтатын болсам, сегіз өңірде перенеталдық орталық салу көзделіп отыр. Соның бірі – осы Шымкент қаласында салынады. Бұл қуантарлық жағдай. Өйткені біздің қала халқының 40%-нан астамы ұл балалар. Одан бөлек балалардың тууы көп. Былтырғы жылы 34 000-нан аса бала туылған. Биылғы жылы да 6 айдың ішінде 15 625 бала туылды. Қазіргі таңда бір перенеталдық орталық, үш перзентқана жұмыс істеп тұр.

Оданбөлек 315 төсектікбалаларауруханасы бар. Қалатұрғындарынабүгінде 44 емханақызметкөрсетуде. Оныңішінде он үшімемлекеттік, ал отызбіріжекеменшік.

Жергілікті бюджет арқылыекімекемеміздекүрделіжөндеужұмыстарыжүргізілуде. Қаладашалғайелдімекендеркөп. Осы ретте, алдағыуақытта 2025 жылғадейін 6 емхана салу көзделіпотыр.

Медицина саласыныңсапасынкөтеруүшінмаманбіліктіболуықажет. Биыл 2 932 маманбіліктілігінарттырды», — деді Нұрлыбек Абибуллаұлы.

«Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды», — деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Айта кетейік, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына 33 ведомстволық бағынысты ұйымы бар. 12 қалалық емхана, 15 стационар, 6 басқа (диагностикалық орталық, медициналық колледж, қан орталығы, ЖИТС орталығы, ЖМК станциясы, балалар үйі). Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында медициналық қызметтер көрсетуге 129 Денсаулық сақтау субъектісі бар. Оның ішінде Мемлекеттік – 30 (23,3%), жеке – 97(75,2%), ведомстволық — 2 (0,01%). Жеке инвесторлардын есебінен 2022 жылда жаңа 4 медициналық ұйымдар («№14 Емдеу орталығы» ЖШС, «Дария-Медикус» ЖШС, «Sabi Med» ЖШС, «Turlan Medical» ЖШС) ашылып, 50 мың халыққа (Құрсай, Қазығұрт, Бадам – 1, Бадам – 2, Шанырақ, Абдуллабад, Турдабад, Тұрлан мөлтек аудандар) қызмет көрсетуді бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button