Новости

Шымкент: 1 қазан — Халықаралық қарттар күні қарсаңында қаламыздағы зейнет жастағы азаматтарды сауықтыруға арналған тағы бір «Белсенді ұзақ өмір» орталық ашылады

1 қазан-Халықаралық қарттар күні қарсаңында қаламыздағы зейнет жастағы азаматтарды сауықтыруға арналған тағы бір «Белсенді ұзақ өмір» орталығының ашылуы жоспарлануда.Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова«1 қазан -Халықаралық қарттар күніне орай Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жоспарланған іс-шаралары және ардагерлерге көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері» тақырыбында өтетін баспасөз брифингте айтты.

«1 қазан-Халықаралық қарттар күні қарсаңында қаламыздағы зейнет жастағы азаматтарды сауықтыруға арналған тағы бір «Белсенді ұзақ өмір» атты орталығының ашылуы жоспарлануда. Бұл Қаратау ауданы, Жібек жолы көшесі, 22/1 учаскесінде орналасқан. Жаңа бөлімшеде жартылай стационарлық жағдайда тәуліктің күндізгі 4 сағат уақытында егде жасына байланысты қарттарға екі ауысым бойынша 150 азаматқа дейін қызмет көрсетіледі. Онда дәрігерлік тексеру, бильярд, теннис, садақ ату, ART терапия, тренажерлық қызмет түрлері, бассейн, массаж, әсемдік жасару терапиясы, караоке зал (ән айту), хореография, йога, еңбек терапиясы, инемен емдеу терапиясы, емдік денешынықтыру бар» — деді Б.Нарбекова.

Жалпы, қалада «Белсенді ұзақ өмір» орталығының әр ауданда бөлімшелері ашылып, зейнет жасқа жеткен азаматтарға 4 сағатқа дейінгі екі ауысымда ақысыз арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, жалғызілікті зейнеткерлерге арналған 3 мезгіл ыстық тамағы қосылған 8 сағаттық жартылай станционар да жұмыс істейді.Биыл зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерге қарастырылып, қазіргі таңға дейін 3 санаторлық емдеу орындарымен (Шымкент қаласының «Денсаулық» шипажайы, Түлкібас ауданының «Ақсу-Жабағылы» және Тараз қаласының «Айша бибі» курорттарымен) келісім шарттар түзілген.Тамыз айының қорытындысы бойынша 2 040 зейнеткерге жолдама беріліп, санаторлық-курорттық емдеуге жолданған.

Ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегіне Шымкент қаласында зейнеткерлер саны – 84 844, оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 5, тыл еңбеккерлері – 2 390. Көп балалы аналар саны – 55 859, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 11 266. Жоғарыдағы азаматтарға мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек көрсетіледі.Шымшаhардағы мерекелік шаралар жоспары қаламызға еңбегі сіңген, еңбек ардагерлері мен қарттарды құттықтаумен жалғасады. Ардагерлердің шаңырақтарына барып, сый-сияпаттар табысталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button