
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов өңір тұрғындарын 500 мыңға жуық медициналық маскамен тегін қамтамасыз ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы.
Өзінің бейне үндеуінде облыс әкімі коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді өзгерткенін айтады. Сондықтан елімізде қолға алынып жатқан сақтық шаралары елдің игілігі үшін жасалып жатыр, дейді.
«Қымбатты жерлестер, біз бүгіннен бастап, өңірдің төрт жүз жетпіс мың азаматын төтенше жағдай кезінде бірнеше мәрте қолдануға болатын маскалармен тегін қамтамасыз етеміз, деді Даниял Ахметов өз үндеуінде.