Новости

Түркістан облысында «Нәтиже» пилоттық жобасы іске асырылуда

Тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтерді алу және билікпен кері байланыс жасау әлдеқайда оңайырақ болмақ.

Азаматтардың өтініштерін қабылдауда жүйелі мәселелерді болдырмау мақсатында өнірде «Нәтиже» пилоттық жобасы қолға алынды.

Жаңа жоба «бір терезе» қағидаты бойынша әзірленген. Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарының әкімдіктерімен бірлескен «Нәтиже» мемлекеттік қызметтер алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен ағымдағы жылдың мамыр айында іске қосылған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button