Мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған семинар кеңес өткізілді

Шымкент қаласы білім басқармасының «Мектепке дейінгі дамыту орталығы» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары» тақырыбында дамыту орталығының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі №7 бұйрығының негізінде, мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған семинар кеңес өткізілді. Семинар кеңеске 111 педагог қатысты.
Семинар кеңестің мақсаты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары туралы түсінік беру болды.
Семинар барысында:
- мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнындағы өзгерістерді нормативтік құқықтық сүйемелдеу;
- мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің бағыттарымен таныстыру;
- тәрбиелеу мен оқыту жүйесі: перспективалық жоспар, циклограмманы, күн тәртібі, ұйымдастырылған іс-әрекет кестесін түзу жолдары көрсетіліп жіті түсіндірілді.
Семинар кеңесті Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің бөлім басшысы П.Бектаева ашып берсе, дамыту орталығы директордың м.у.а. С.Утемисова «Мектепке дейінгі дамыту орталығы» жөнінде: құрылымы, мақсаты, негізгі бағыттары, атқарылатын жұмыстарға нақты тоқталып өтті. Семинар барысында сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік Орталығының “Менеджменттік басқару және оқу процессін аналитикалық талдау-сараптау бөлімінің” әдіскері Алмаз Джуватаев жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, С.Нұрмағамбетов ат. √72 жобб мектебінде әдістемелік семинар өтті. “Мектепте электронды күнделік жүйесін қолдану-қағазбастылықтан арылудың негізгі бастамаларының бірі” атты ақпараттық-семинардың мақсаты — электронды жұмысты жүйелі ұйымдастыру. Аталған шараға білім басқармасына қарасты 62 жекеменшік мектептерден 90-нан астам жауапты орынбасарлар мен мамандар қатысты.
Семинарда әр апта сайын жарияланатын диагностикалық мониторинг, апталық белсенділікке енетін талаптардың шегі, электронды журналды жүргізудегі негізгі талаптар мен оқушы, мұғалім, ата-ананың жүйедегі белсенділігі, мектеп мәзірін жариялау, әкімшілік ету, сабақ кестесін жариялау, есептік кезеңдерді дұрыс қою сынды мәселелер айтылып, қатысушылар тарапынан жүйені жүргізудегі сұрақтарына жауап ала алды.



