Новости

Медицина және фармацевтика саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы 98 хаттама толтырылды

Есепті кезеңде Департаментпен барлығы 198 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 130 тексеру жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде, 68 тексеру мемлекеттік және құқық қорғау органдарының тапсырмалары негізінде.

2022 жылы жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша Департаментпен жалпы сомасы 9 172 205 теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 98 хаттама толтырылды. Бұл ретте, 39 кәсіпкерлік субъектісіне, 34 лауазымды тұлғаға, 25 жеке тұлғаға қатысты айыппұл санкциялары қолданылды.

Сонымен қатар, Департаментпен 2022 жылы субъектілерге (объектілерге) бару арқылы профилактикалық бақылау бойынша 741 тексеру жүргізілді. Тексерулердің жалпы санынан рұқсаттық бақылаудың саны 704 құрады, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарымен бекітілген профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес 37 тексерулер орын алды. Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберінде медициналық қызмет саласында 2022 жылы 9 232 қызмет көрсетілді, оның ішінде 6 046 рұқсат құжаттары берілді, 3 186 жағдай бойынша рұқсат құжаттарын беруден бас тартылды.

Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге 526 өтініш түсті. Өтініштерді қарау нәтижесінде 253 лицензия және (немесе) қосымшасы, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке 21 лицензия және (немесе) қосымша берілді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге/әкетуге келісуге 46 рұқсат берілді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша фармацевтикалық қызмет саласында барлығы 418 субъекті және 940 объекті жұмыс атқарады. Бұдан бөлек, тиісті фармацевтикалық практикалардың талаптарына сәйкестігіне инспекциялар жүргізуге 2022 жылы 150 өтініш келіп түсті, өтініштерді қарау нәтижесінде GРP (тиісті дәріхана практикасы) сәйкестігіне 91 сертификат, 3 GDP сертификаты (тиісті дистрибьюторлық практика), 1 GМP сертификаты (тиісті дистрибьюторлық практика) берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button