Шымкент қаласы бойынша азаматтық қорғау гарнизонында 988 қызметкер жұмыс атқаруда

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменттінің негізгі қызметі — азаматтарды, аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Осы міндеттерді орындау үшін Шымкент қаласы бойынша азаматтық қорғау гарнизонында 988 қызметкер жұмыс атқаруда, оның ішінде Департаментте 90 қызметкер, Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінде 855 жауынгер және Апаттар медицинасы орталығы филиалында 43 маман бар. Оның ішінде басшы құрам – 162 бірлік, қатардағы құрам – 669 бірлік, әскери қызметші — 12 бірлік, мемлекеттік әкімшілік қызметкер – 12 бірлік, азаматтық қызметшілер – 132 бірлік (АМО — 43 бірлік).
Қала аумағында төтенше жағдайларды жою үшін 9 өрт сөндіру бөлімі, 1 өрт бекеті, 1 жедел-құтқару жасағы және 1 «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Шымкент қаласы бойынша филиалы қызмет жасайды.
Күн сайын тәуліктік жедел кезекшілікке азаматтық қорғау органдарының 150 қызметкері (ТЖД -4, ӨСжАҚЖҚ-142 (өрт сөндірушілер — 136, құтқарушылар-6), АМО-4) және 43 бірлік техника түседі (негізгі техника – 29, Арнайы 13, қосалқы техника — 1) (42 бірлік техника резерв).
Департамент бөлімшелері 2022 жылы 3676 шығуды жүзеге асырды, 332 адам құтқарылды, ТЖ аймақтарынан 57 адам эвакуацияланды, 396 адамға медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 70 бала. Бір миллиард 489 миллион теңгеден астам сомаға материалдық құндылықтар құтқарылды. 246 төтенше жағдай тіркелді, 50 адам зардап шекті, оның ішінде 16 адам қаза тапты. Орын алған төтенше жағдайлардың 85 пайызын өрттер құрайды.
Департамент өрт жағдайын тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдары, полиция және еріктілер ұйымдары өкілдерінің, газ және әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің қатысуымен халықпен ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізілді. «Тәуекел тобына» жататын өкілдерге, тұрмысы нашар отбасыларға, жалғызбасты қарт азаматтары мен мүгедектерге ерекше көңіл бөлінеді. 360 210 адамды қамти отырып, «Өрт қауіпсіздігі және көміртегі тотығымен уланудың, дала-орман өрттерінің алдын алу» тақырыбында 79 107 аула аралау жүргізілді, 13 020 адамды қамтумен 430 жиын өткізілді. Баспа басылымдарында 410 мақала, телеарналарда-225 сұхбат, ал радиоарналардан-2024 пікір жарияланды.



