Сот орындаушылары мен жұмыспен қамту орталығының бірлескен іс-шараларының нәтижесінде 36 алимент төлеуші жұмысқа орналастырылды

Шымкент қаласы бойынша 146 жеке және 9 мемлекеттік сот орындаушы қызметтерін атқаруда.
Алимент өндіру санаттағы өндірістердің әлеуметтік маңыздылығы жоғары болғандықтан, бұл бағыттағы жұмыстарға толығырақ тоқталсақ. Өткен жылы алимент өндіру талаптары бойынша сот орындаушыларда 15 493 іс орындауда болып, 2 717 бойынша өндірістер аяқталған, биылғы жылға 12 776 құжат өткен.
Сот орындаушылары мен жұмыспен қамту орталығының бірлескен шаралары нәтижесінде 36 алимент төлеуші жұмысқа орналастырылып, алиментті жалақаларынан өндіруге мүмкіндік пайда болған. Өкінішке орай, кейбір азаматтар ұсынылған жұмысқа тұрмай, алиментті төлеуден жалтаруды жалғастырған фактілері де орын алған. Осы орайда, сот орындаушыларының өндіріп алушылардың өтініштерімен полиция органдарына жолдаған материалдары бойынша жалпы 17 қылмыстық іс сотқа өтіп, 12-не қатысты айыптау үкімдері шыққан.
Алимент бойынша әрекетсіздік танытып, заңнамамен белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақытылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты да жауапкершілік күшейтілгендігін ескеру қажет. Атап айтқанда, егер жеке сот орындаушысы бір ай ішінде заңда белгіленген тәртіппен істердің әлеуметтік маңызы бар санаты (оның ішінде алимент өндіру санаты) бойынша мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамаған жағдайда әділет органдарының талап арызы негізінде лицензиясынан айырылуға жатады. Осы негіздермен сотқа енгізілген талап қою арыздары бойынша өткен жылы 2 жеке сот орындаушысы лицензияларынан айырылған.
Жалпы Департамент 2022 жылы сот орындаушыларға қатысты жеке және заңды тұлғалардан түскен 2 560 жолданымы, сондай-ақ 25 168 сұраныс, басқа да түрдегі құжаттар қаралды. Түскен жолданымдардың сипаты: 1 031 (40%) – алимент өндіру мәселелері, 391 (15%) – ақша қаражаттарды мәжбүрлеп өндіру туралы, 740 (29%) – тыйымдарды және мәжбүрлеп өндіру шараларының күшін жою. Өз негізін тапқан жолданымдар саны – 211 (8%).
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 130 тәртіптік өндіріс басталып, 1 жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданысы уақытша тоқтатылған, 4 жеке сот орындаушысын лицензиядан айыру туралы талап арыздар қазіргі таңда сотпен қаралу сатысында.



