Новости

Қала аумағының өртке қарсы қауіпсіздігін арттыру мақсатында 4 шығуға арналған үлгілік өрт депосы бар департаменттің әкімшілік ғимаратының құрылысы жүргізілуде

Аумақтардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғалуын қамтамасыз етудің негізгі факторы инфрақұрылымды дамытудың жеткілікті дәрежесі және азаматтық қорғау гарнизонының өрт-техникалық қару-жарақпен жарақтандырылуы болып табылады.

Осыған байланысты, қала аумағының өртке қарсы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жобалық құны 2,6 млрд. теңгеден (2 млрд.689 млн.теңге) жоғары 4 шығуға арналған үлгілік өрт депосы бар департаменттің әкімшілік ғимаратының құрылысы жүргізілуде.

Түркістан көшесі бойындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің құрылысы басталып, объектіні тапсыру мерзімі 2023 жылдың 1 тоқсанға жоспарланған.

Тұран шағын ауданында 4 көлікке арналған өрт сөндіру бекеті және Қайнар бұлақ саяжай алабындағы жедел-құтқару жасағының кешені құрылыстар 2024 жылы жоспарланған.   Барлық құрылыстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өткізілетін болады.

Өрт-құтқару бөлімшелерінің қызметінің тиімділігі материалдық-техникалық жабдықталуына тікелей байланысты. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен 2020 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде 31 өрт және құтқару техникасы кезең-кезеңімен жеткізілді, 400,8 млн.теңгеден (400 млн. 866 мың теңге) астам сомаға байланыс құралдары мен құлақтандыру жүйесі сатып алынды.

Бүгінгі таңда гарнизонды материалдық-техникалық жарақтандыру 95% немесе 127 бірлік техниканы құрайды (ТЖД -11 бірлік 100%, СПиАСР ММ – 116ед, 90%). 2022 жылдың соңында республикалық бюджеттен жауап-сақтауға 4 АЦ-5,0-40 КАМАЗ 432536 өрт сөндіру автокөлігі, JAC S5 жеңіл автокөлігі біреу, JAC J7 – 2 бірлігі қабылданды.

Департамент пен оның бөлімшелерінің негізгі күш-жігері:

2022-2023 жылдардағы жылыту кезеңінен қауіпсіз өту және қыс мезгіліндегі ТЖ барынша азайту үшін шаралар қабылдауға;

көктемгі су тасқынының алдын алу және оған дайындық бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және орындауға бағытталады.

Біз жергілікті атқарушы органдармен материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту бойынша жұмысты жалғастырамыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button