Новости

Шымкент: Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 102046 дана үгіт-насихат материалдары таратылды

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті  қала әкімдігінің қолдауымен шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 30 билборд пен стенд, 55 тыйым салуға арналған тақтайшаларды қала аумағында орнатты, телеарнадан 55 сөз сөйлеу, баспаларда 75 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында 193 материал орналастырылды, 1560 әңгімелесу жүргізіп, 102046 дана үгіт-насихат материалдары таратылды. Сонымен бірге арнайы әзірленген бейнероликтер телеарна, ЛЭД экрандар арқылы, сауда орындарында көрсетіліп,
24 телеарнаны ұстап алу арқылы аудиожазбалар шығарылды. Полиция департаментімен бірлесіп өткізілген патрульдеудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364 (жалпы су пайдалану қағидаларын бұзу),
440-баптары (спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу) бойынша 47 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 597 мың 285 теңге айыппұл салынды.

Суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде адамдардың өлімінің алдын алу мақсатында, Департамент аудан әкімдерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған 13 орынды анықтап, ҚР Әділет министрлігі қол қойып, нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде (сайтта 08.06.2022 ж.) жарияланды. Олар: Бадам өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары; Сайрам-су өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары; Текесу су қоймасы; Ақжар су қоймасы; Шымкент магистралды каналдың қала аумағында орналасқан барлық арналары; Янги-шек каналының қала аумағында орналасқан барлық арналары; Қарасу өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары; өзеннің бастауын қоспағанда, Қошқар ата өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары; Қайнарбұлақ жасанды көлі; Азат каналы; Көкбұлақ каналы; Хауау каналы; Сасық каналы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button