Новости

Шымкент: Жазғы шомылу маусымына және болуы мүмкін жер сілкінісіне дайындық іс-шаралары туралы

Шымкент қаласының аумағында суға шомылу кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша Шымкент қаласының Полиция департаменті, ҚР Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімі, Білім басқармасы, «Жастар рухы» жастар қанаты, «Жастар ресурстық орталығының волонтерларымен бірлескен патрульдеу мен рейдтер күнделікті жүргізілді. Бұл іс-шаралар демалыс және мереке күндері күшейтілген түрде өткізілді.

Суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде адамдардың өлімінің алдын алу мақсатында, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті аудан әкімдерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған 13 орынды анықтап, ҚР Әділет министрлігі қол қойып, нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуына  байланысты, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, білім беру ұйымдарында және қаламыздың  жекелеген аумақтық бірліктерінде тұрғындардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында тоқсан сайын сейсможаттығулар тұрақты түрде  өткізілуде.

Шымкент қаласында 2023 жылдың 5 мамырында жалпықалалық сейсможаттығуға дайындық жұмыстары өтеді. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында, «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» тақырыбы бойынша эфирлік арналарды ұстау арқылы дауысты хабарлама берілуде. Сонымен қатар, қазақ және орыс тілдерінде сурдоаудармасымен бейнеролик әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік парақшаларда жарияланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button