Шымкент: «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасы халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттырады

«Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасы халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттырады. Жобаның мақсаты алаяқтықтардың нақты орын алу себептерін анықтап, оны болдырмауға шара қолдану арқылы, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау екендігін үйлестіру кеңесінде түсіндірді. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы, жергілікті құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшыларымен қатар, қала әкімдігінің басқарма басшылары қатысқан үйлестіру кеңесінің мүшелері аталған жобаны бір ауыздан мақұлдады. Өз кезегінде қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобаның іске асырылуының нәтижесінде қаламыздағы алаяқтықтардың төмендеуімен қатар, халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын барынша артуына әсер етуге ықпал жасайтынын атап өтті.
Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында кеңес төрағасы — Ғабит Мұқанов алаяқтықтың, оның ішінде интернет-алаяқтығының бүгінгі қоғамда күрделі мәселеге айналғанын, Республика аумағында қылмыстылық көрсеткіші соңғы 5 жылда 50%-ке азайғанымен, алаяқтықтардың саны керісінше 50%-ке, ал қаламызда 11%-ке артқанын, бұл жағдайдың қаламызға да тән екенін атап өтті. Сөз соңында бұл үрдіспен тиімді күресу үшін прокуратура, құқық қорғау және мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдерінің қатысуымен жоба ұйымдастыруды ұсынды.
Жерді өз бетінше иеленіп алуға байланысты мәселелер арнайы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы, уәкілетті органдар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды. Кеңесте жерді өз бетінше иеленіп алуға байланысты туындаған проблемалық мәселелерді шешу және алдағы уақытта болдырмау мәселелері талқыланды.



