Новости

 Шымкент: Жұмыс берушілерге халықтың шағымдарының динамикасы

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы тарапынан еңбек заңнамасының бұзылу фактілері бойынша келіп түскен арыз-шағымдар мен құқық қорғау және мемлекеттік органдардың талаптарының негізінде әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, жеке тұлғалардың 1 670 арыз-шағымы мен өтініші заңға сәйкес қаралып, тиісті жауаптары берілді.

Арыз-шағымдар экономика салалары зерделеніп отырады, биылғы жылға өсу себебі өткен жылғы пандемия кезеңіндегі шектеулерге байланысты  кәсіпорындар жұмысын тоқтатып жұмыскерлермен еңбек қатынастары шектелген.

Есепті кезеңде еңбек қатынастарының бұзылуына байланысты арыз-шағымдар білім, денсаулық, құрылыс, сауда және күзет қызметі салаларында өсіп отыр.

Өткен жылдың ағымдағы кезеңінде 334 тексеру жүргізілді, нәтижесінде 344 бұзушылық анықталды. Бүгінгі таңға анықталған бұзушылықтардың 318-і жойылып, заңнамаға сәйкес келтірілді. Анықталған бұзушылықтардың негізінде — 182 нұсқама берілді. Тексеру нәтижелерімен 21,2 млн.теңге көлемінде 128 әкімшілік айыппұл салынып, 122 қозғалған әкімшілік іс бойынша 14,6 млн. теңге айыппұл өндірілген. Шымкент қаласының жеке сот орындаушылар палатасына іс құжаттар жолданып, мәжбүрлі өндіруге бағытталған тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Басқарманың атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері жалпы 1 816 жұмыскердің бұзылған құқықтары заңға сәйкестендіріліп, әлеуметтік құқықтары қорғалған. Соның ішінде 76 кәсіпорында 1 430 жұмыскерлердің 240,3 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтелді.

Жыл басынан 7 еңбек дауы тіркеліп («Ордабасы» кәсіби футбол клубы» АҚ-да; «Shymkent Bus» ЖШС; «SMART Oil» ЖШС; «ПКОП» ЖШС; «Яссы Курылыс ЖШС»; «Казақтелеком» АҚ-ның филиалы – Оңтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясы; «Olimp Stroy Group» ЖШС-гі), тиісті жұмыстар жүргізу барысында мекемеде қойылған мәселелер шешілді.  Қала аумағындағы еңбек ұжымдарында жағдай қалыпты. Есепті кезеңде, Үш жақты комиссияның 12 отырысы өткізіліп, әлеуметтік шиеленістерін, еңбек жанжалдарын болдырмауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button