Шымкент: Берешек қарыздарды мәжбүрлі түрде өндіру үшін сот орындаушылар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда

Бүгінде, 4 кәсіпорынның 95 жұмыскерге 17,3 млн.теңге жалақы қарыз қордаланған. Олар:
— «AN-TRAST SECURITY» ЖШС-де 21 қызметкер алдында 7,9 млн.теңге;
— «Rio Med» ЖШС-гі 73 қызметкер алдындағы жалақы қарызы 7,9 млн.теңгені;
— «СПИК Аккорд» АҚ-ы 1 қызметкерге алдында жалақы қарызы 668 мың теңге;
— «Көкше Строй Плюс» ЖШС-гі 2 жұмыскерге – 832 млн.теңге.
Аталған кәсіпорындар уақытша жұмыс істемей тұр. Берешек қарыздарды мәжбүрлі түрде өндіру үшін, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» ҚР заңына сәйкес іс құжаттары жеке сот орындаушылар өңірлік палатасына жолданып, сот орындаушылар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.
Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін бақылау мен қадағалауға тыйым салынды. Есепті кезеңде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 221 (2021ж. 205) арыз тіркелген, ұжымдық түскен арыздар бойынша Қала әкімінің өкімін шығару арқылы 23 (2021ж. 24) субъектіге тиісті тексеру жүргізіліп, 198 (2021ж. 181) арыз-шағым бойынша бекіткен Алгоритмге сәйкес тиісті мекемелерге жолданып түсіндірме берілген. Бұл моратория 2023 жылы жоспарлы тексерулер үшін күшінде қалады, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арыз-шағымдар келтірілген жағдайда бақылау шаралары заңдарға сәйкес жүргізілетін болады.
2022 жылдың есептік кезеңінде, қала аумағында 32 (2021ж. 30) жазатайым оқиға орын алды, 47 (2021ж. 40) адам зардап шекті, 9 (2021ж. 6) адам қайтыс болды, 29 (2021ж. 25) адам ауыр жарақат алды, 9 (2021ж. 9) адам жеңіл жарақат алған. Тергеп тексеру материалдары тиісті шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданған.
Бүгінгі күні қаланың 991 кәсіпорында еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарына аттестаттау жүргізіліп, 114 кәсіпорында еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілді, сонымен қатар, 1452 кәсіпорындарда өндірістік кеңес жұмыс істеп отыр. Сондай-ақ, 2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero — Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы 70 кәсіпорын қосылды. ьБүгінгі таңға, өңіріміздегі 4 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылған. Шымкент қаласы бойынша ағымдағы жылы 1 706 ұжымдық шарт Басқармадан мониторингтен өткізілді. Қаламызда 24 296 заңды тұлға тіркелген болса, оның 3 848 белсенді жұмыс атқаруда. Белсенді жұмыс атқаратын заңды тұлғаларға шаққанда түзілген ұжымдық шарттың деңгейі 44,33%.



