Шымкент: Жұмыскерлерді қажетті деңгейдегі табыстармен қамтамасыз ету және уақытылы төленуін қамтамасыз ету

Өткен жылға Шымкент қаласында бекітілген жоспарға сәйкес, «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» электронды еңбек шартын енгізу межесі 3 898 мекеме мен кәсіпорында, жалпы 62 506 еңбек шартын енгізілу белгіленген.
Бүгінгі таңға тиісті жұмыстар атқару барысында барлық кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек шарттарының электронды нысанда жасалуы тұрақты бақылауға алынып, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 4 168 кәсіпорында 73 475 еңбек шарттары арнайы жүйеге енгізіліп, бекітілген жоспардың орындалуы 106,9% құрады.
2023 жылы атқарылатын жұмыстардың басымдықтары
1) Жұмыскерлерді қажетті деңгейдегі табыстармен қамтамасыз ету және уақытылы төленуін қамтамасыз ету:
- еңбек қатынастарын еңбек шарттарымен рәсімделуін қамтамасыз ету;
- бюджеттік қаражаттарды есептеудегі кейбір өңірлік коэффициенттерді (төмен) алып тастау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Мониторингпен анықталған тұрақтылығы төмен кәсіпорындарда түсіндірмелер жүргізу.
2) Өндірістерде жазатайым оқиғалардың алдын алу:
- визуалды қарау нәтижелерін құқық қорғау органдарына жолдау және олардан түскен ұсыныстар, талаптар бойынша бақылау шараларын ұйымдастыру;
- Прокуратура, Полиция және Шымкент қаласы әкімдігі арасында меморандум түзу;
- жұмыс беруші жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. 7558 әрекеттегі компаниялардың 2141 ғана сақтандыру келісім шартын жасаған (28,3%).
3) Өндірістік жарақаттануды төмендетуді көздейтін жобаларды енгізу:
- ҚР Президенті ұсынған «Халықтық бақылау» жобасын енгізу;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізу;
«Vision Zero» нөлдік жарақат» тұжырымдамасына қосылу.
4) Ұжымдық шарттар түзу. Әлеуметтік жауапты кәсіпорындардың барлығы ұжымдық шарттар түзген. Халықаралық еңбек ұйымы ұжымдық еңбек қатынастарын рәсімдеуге шақырады.
Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 2022 жылғы жұмыстарының көрсеткіштері толығымен орындалды.



