Новости

Шымкент: Еңбек кодексінде жұмыскерлердің құқықтары айқындалған

Еңбек кодексінде жұмыскерлердің құқықтары айқындалған. Олардың:

— жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың, келісімдердің, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындауды талап етуге;

— еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

— еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;

— бос тұрып қалғаны үшін осы Кодекске сәйкес ақы төленуіне;

тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;

  • еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
  • міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;
  • еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;
  • кепілдіктерге және өтемақы төлемдерін алуға;

— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен қамтамасыз етілуге;

— жұмыс беруші жұмыскерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеген жағдайда және денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін ахуал туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;

— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта жалақысының сақталуына құқығы бар.

Міне, осы жоғарыда айтылған құқықтар жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасында түзілетін ең негізгі құжат – еңбек шартында айқындалуы тиіс. Еңбек шартын жасау арқылы жұмыскердің:

  • нақты айлық жалақысы белгіленеді;
  • жұмыс істеген уақытына сәйкес еңбек өтілі есептеледі;
  • зейнетақы қорына аударымдар жүргізіледі;
  • міндетті медициналық сақтандыру төлемдері жүргізіледі;

әлеуметтік қорғалған жұмыскер ретінде жұмыс атқарады және кепілдіктерге құқығы болады.

Сол себепті, жұмыс берушілерді де, жұмыскерлерді де еңбек қатынастарын еңбек шартын түзуден бастауға шақырамыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button