Шымкенттік полицейлер мұқтаж жандарға көмектесіп, қайырымдылық жасады

Қызық та қауіпті күнделікті жұмыстарынан бөлек, шымкенттік полиция қызметкерлері жыл сайын тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау білдіріп, демеушілік жасап келеді. Биылда бұл дәстүр өз жалғасын тапты. Атап айтсақ, Тұран ауданы Ювеналды полиция мен зорлық-зомбылық тобының қызметкерлері атынан тағы бір ізгі амал жасалды. Сақшылар қиын жағдайға тап болған тұрмысы төмен отбасын тұрмысқа қажетті азық-түлік пен күнделікті тұтыну заттарымен қамтамасыз етті.
Өз кезегінде, арнайы көмекті қажет ететін отбасы мүшелері тәртіп сақшыларына алғысын айтып, шынайы ризашылықтарын білдірді.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығына қала тұрғыны алғыс айтып, бейнежазба жолдаған. Онда полиция қызметкерінің жедел әрі сапалы қызметіне риза болып, тәртіп сақшыларының жұмыстарына сәттілік тілепті. «Мен, Қолғанат Жаппарханов, дүкенімде тұрған ыдыстарымды ұрлап кеткені туралы арызданған болатынмын. Осы жайт бойынша Тұран АПБ тергеушісі полиция лейтенанты Әлинұр Боранбек жедел түрде әрекет етіп, қылмыстық істі ашып, ұрланған заттарымды қайтартып берді. Сол себепті, тәртіп сақшысына өз алғысымды білдіремін. Жұмысына табыс тілеймін!» — деп шынайы ризашылығын жеткізді. Айта кетейік, тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтарға қарсы тұрып, азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, әрдайым тұрғындарға заң шеңберінде қызмет көрсетіп, қоғамның тыныштығын сақтап келеді.
Сонымен қатар, «Мемлекеттен кезексіз үй алып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, алдап кеткен. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды. Абай АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, екі айдан бергі танысы «Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беремін» деп, 500 000 (бес жүз мың) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен. Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктіні бір тәуліктің ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз.



