Шымкент: Әскери сапта есірткіге жол жоқ

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің клубында Әскери полиция бөлімшесі өкілдерінің қолдауымен арнайы шақырылған мамандар, яғни Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері және ЖИТС-тің алдын алу орталығы маманының қатысуымен әскери қызметкерлер мен сарбаздар арасында құқық бұзушылықтың, есірткі тұтыну мен нашақорлықтың, ЖИТС-тің алдын алу бағытында арнайы дәріс өткізілді.
Сабақ барысында офицерлерге, сарбаздарға қызметте және сапта құқық бұзушылықтарға жол жоқтығы, әскери қызметкерлерге әрқашанда Отанды қорғау қорғау үшін дені сау азаматтардың және сарбаздардың қажет екендігі, зиянды әдеттерге бет бұрмау қажеттілігі жеткізіліп, олардың зияндығы мен заңда белгіленген жауапкершілік туралы толыққанды мәліметтер берілді.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері есірткі саудасының көлемі әлемде заңсыз қару-жарақ, мұнай саудасының айналымынан кем түспейтінін түсіндірді. Есірткі саудасы көлеңкелі бизнес түріне жататындықтан, оның тауар айналымы жайлы нақты, анық дерек жоқ. Ішкі істер министрлігі ірі қызметтердің бірінде 50-ден астам жарнама жойылғанын мәлімдеді. Онда есірткі бөліктерін қала ішінде тасымалдау үшін курьерлік жұмыстар ұсынылған. «Telegram» серверінің қазақстандық әкімшісі жүргізген жұмыс қорытындысы бойынша есірткіні жасырын сатумен айналысатын 440 чат анықталды. Жыл басынан бері «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесі арқылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 440 интернет-ресурсты бұғаттау жөнінде сауал жіберілген. Айта кетейік, Қазақстан есірткі саудасымен күресте көршілес Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей сияқты мемлекеттермен және халықаралық қауымдастықпен тізе қосып әрекет етіп жатыр. Өйткені есірткі саудасын тоқтату немесе азайтуға бір ғана мемлекеттің әлеуеті жетпейтіні анық деп сөзін қорытындылады.
Кездесу барысында әскери қызметкерлерге арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, олар бойынша сұхбат алмасып, өздерінің көзқарастары тыңдалды.
Іс-шара қорытындысымен шақырылған қызметкерлерге тыңдаушылар тарапынан қызықтыратын сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.


