Шымкент: «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

“Anti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында шымкенттік полиция қызметкерлері ақпараттық жүйені қолдана отырып, интернет-алаяқтық және ұрлық фактілері бойынша бұрын жасалған қылмыстық істерді ашу бойынша шаралар қабылдауда.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2023 жылдың 18-сәуірінен бастап республика аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Аталған акцияның мақсаты — интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқықбұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу.
Сондай-ақ, зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, интернет-алаяқтықты, порнографияны оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, суицидалды бағыттағы ойындарды, интернет желісіндегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау болып табылады.
Республика аумағында басталған «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20-сәуіріне дейін жалғасады.
– Біз ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылықпен күресу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған “Аnti-Fraud” республикалық іс-шарасы туралы айтып отырмыз. Ұсталғандардың арасында – 31 жастағы А.есімді азамат та бар. Ол Шымкент қаласының тумасы, бұрын сотталмаған, адамдардарды шағын несие рәсімдеу арқылы алдап келген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Шымкент қалалық полиция департамент қызметкері.
Аталмыш іс шараның басты мақсаты ғаламтор алаяқтарын анықтау, қылмыстың жолын кесу. Қазіргі таңда елімізде еліміздің кейбір тұрғындары ғаламтор арқылы пайда табу мақсатында, халықтың сеніміне кіріп, алаяқтық тәсілмен ақша жымқыруда.
Осыған орай қала тұрғындарын сақ болуға шақырамыз. Қылмыстың осы түрін азайту және болдырмау мақсатында тұрғындар қырағы әрі мұқият болуы керек.



