Новости

Шымкент: Тәртіп сақшылары автокөліктің қосалқы бөлшектерін ұрлап кеткен азаматты ұстады

Шымкент қаласының тұрғыны үйінің ауласында тұрған «Ауди С4» маркалы автокөліктің бөлшек-аккумуляторынан айырылып қалды.  Бұл туралы 2023 жылдың 14-наурызында, Еңбекші ауданы полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол арызында, үйінің ауласында тұрған жеке өзіне тиесілі «Ауди С4» маркалы автокөліктің 30 мың теңге тұратын қуаттағышы (аккумулятор) мен 20 мың теңгелік 4 (төрт) дана радиаторын белгісіз тұлға жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі – 50 000 (елу мың) теңге.

Аталған дерек ҚК-тің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері хабарды алған бойда, күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындардан сұрастырылып, жауаптар алынды. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Атырау қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 40-та, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Тергеу барысында ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, бұл заңсыз әрекетке қаржыдан қысылғандықтан барғанын жеткізді. Сондай-ақ, өзі қолды еткен аккумуляторды көлік бөлшектерін сататын дүңгіршектердің біріне апарып, сатып жібергені белгілі болды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

Бұдан бөлек, 500 мың теңгелік ноутбукты ұрлап кетті. Оқиға Шымкент қаласында орын алған. 2023 жылдың 22-наурызында, Әл-Фараби АПБ-ның «102» арнасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол онда, өзіне тиесілі медициналық емханасының есігі ашық тұрған бөлмесіне жұмыс уақытында белгісіз тұлға кіріп, үстел үстінде тұрған құны 500000 (бес жүз мың) теңге тұратын «НР» маркалы ноутбугын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігінің 1-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің ізін суытпай, бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы –23-те, жұмыссыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button